Жүрекке - жылу, көңілге - демеу сыйлаған акция

(Дауыстар: 2)
Жүрекке - жылу, көңілге - демеу сыйлаған акция

Адам бітім, бірегей тұлға болып есептеледі, сондықтан да әр бір адам адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы деп санаймын. Қоғамымызда ерекше қамқорлықты, мейірімділікті, айрықша көзқарасты қажет ететін жандар бар. Оларды мүмкіндігі шектеулілер, мүгедектер, ерекше күтімді қажетсінетіндер деп атайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды тек медициналық көмекпен қамсыздандырудың объектісі емес, қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын, қоғамға өз үлесін тигізе алатын азаматтар деп түсінуіміз қажет.

Ағымдағы жылдың 22-шілдесінде Семей қаласы халқының сүйікті мекеніне айналған Орталық мәдениет және демалыс саябағында мәні мен мағынасы зор «Жан жылуы» акциясы өткізілді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Достық үйі, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және мәдениет Сарайымен бірлесе отырып, жүзеге асырылған шараға қаламыздағы арнайы интернаттардың, клубтардың тыңдармандары қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше театрланған музыкалық бағдарламасымен «Сказка» ойын-сауық орталығының шығармашылық ұжымы, «Эсте-ра» вокалдық студиясының әншілері, «Айналайы» студиясының орындаушылары, «Асыл» қоғамдық бірлестігінің және мәдениет Сарайының әншілері өз өнерлерін паш етті. Айта кетсем, қалада жиыны 13000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепте тұр, олардың 900-і он сегіз жасқа толмаған балалар екен.

Сонымен жиналған көрермендер алдына «Еріншектер елі», «Саяхатшы Дара» атты бүлдіршіндердің сүйіп көретін мультхикаялар кейіпкерлері Стефани, Кесірбек Роби, Спортокус, Дара шығып ән айтқанда көрермендер қосылып ән айтып, би билегенде бірге билеп, ойын ойнағанда олардың көздерінен шаттық ұшқындап тұрды десем артық айтпағаным.

Жүрекке - жылу, көңілге - демеу сыйлаған акция

Ал, саңырау-мылқау азаматтарға арналған клубтың белсенді тыңдарманы, Қазақ саңыраулар қоғамы Президентінің «Жоғары дәрежедегі трюкач» мақтау қағазымен марапатталған Тимур Сыдықов сыйқыр көрсетіп, балаларды сыйқырлы, ғажайып әлемге саяхат жасатты.

«Жан жылуы» акциясы аясында Достық үйінің 6 этно-мәдени орталықтары және «Исток» қоғамдық бірлестігі қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізді. Сондай-ақ, саябақтағы барлық ойын-сауық орындары тегін болды.

Қазақ үйіде балаларға мультфилімдер көрсетілді, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жас оқырмандар басқа да уақытта қазақ үй ішіне келіп, ұнатқан кітабын оқуына болады.

«Жан жылуы» акциясы - бұл бір күндік, бір айлық акция емес, бұл дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын игі шара. Акция тамыз айының 1-жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы алаңында жалғасын таппақ.

Елбасымыздың жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз аймаққа айналуы тиістігі айтылған болаты. Олай болса, көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекетіміз бір тараптан, қоғамымыз екінші тарап әлеуметтік қажеттілігі ерекше жандардың мәселелерін шешуге жанжақты атсалысып «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға атсалысайық!

Анар Қуанғалиева,
Семей қаласының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар