Мешітте Оразаайт намазы оқылды

(Дауыстар: 1)
Мешітте Оразаайт намазы оқылды

Кеше таңертең күн найза бойы көтерілгенде қасиетті Рамазан айында отыз күн бойы ораза тұтқан күллі мұсылман қауым мешіттерде айт намазын оқыды. Өскемендегі Ертістің сол жағалауында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне де бұл күні жамағат мол жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарымен бірге мұнда мерекелік діни рәсімдерін атқаруға аймақтың аудандарынан да ат сабылтып келген жұртшылық ғибадат үйіне лық толды. Айт намазы басталмас бұрын алдымен ҚМДб-ның Өскемен өңіріндегі өкіл имамы, облыстық мешіттің бас имамы нұрлан қажы байжігітұлы жиналған көпшілікке айт намазының қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтты.

Бұдан кейін ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов облыс басшылығы атынан қасиетті мейрамның келуімен барша өңір тұрғындарын құттықтады.

- Ораза айт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. елімізде тыныштық, әрбір отбасында береке-ынтымақ болсын. Келесі Рамазан айына дейін бәріміз амандықта болайық. Бүгінгі күні елімізде дін ұстанып, намаз оқығысы келетіндерге барлық жағдай жасалған. Сол сияқты ораза тұтып, мұсылманның бес парызын орындауға ниетті кез келген адамға өңірдегі барлық мешіттердің, оның ішінде облыстық мешіттің де есігі айқара ашық. Біз бұл мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануымыз керек, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ораза айт намазынан кейін құтпан оқылып, өмірден өткен ата-бабалардың рухына құран бағышталды. Батагөй қарттарымыз бастаған жамағат мейрамға арнап жайылған мол дастарқаннан дәм татып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.

Естеріңізге саламыз, Ораза айт мейрамы елімізде 28-ші шілдеден бастап үш күн қатарынан тойланады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар