Ресейліктер Семейде өндірілген ауылшаруашылық тауарларын көп тұтынады

(Дауыстар: 1)
Ресейліктер Семейде өндірілген ауылшаруашылық тауарларын көп тұтынады

Семей - Ресей мен Қытай елдерін жалғайтын күре жолда тұрған қала. Мұнда шағын және орта бизнес күн сайын дамып келеді. Қала бюджетінің кіріс бөлігі осы кәсіпкерлік саласы арқылы толығып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы және «Семей қаласы өңірлік экономикасы» моделі жасалып, осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өңірдің барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеуде. Алдағы уақытта асыл тұқымды бағытты дамыту жоспарлануда. Қазірдің өзінде-ақ Ресей елі сүт, ет өнімдеріне, жалпы ауылшаруашылық тауарларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұрындары ол жаққа жеткізу үшін кедендік бөгеттер, қағазбастылық пен тексерулер көп болғандықтан, семейлік кәсіпкерлер өнімдерін жеткізе алмаған. Енді міне, Еуразиялық экономикалық одақ аясында басты кедергілер жойылды. «Агрофирма Приречное» ЖШС келер жылы шетелден 1000 бас асыл тұқымды мал алуды жоспарлап отыр. Сүт бағытындағы сиыр малының басын көбейту мәселесі де жүйелі түрде қолға алынған. Қазіргі уақытта Новобаженово, Ертіс және Знаменка, Озерки ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарында симментал тұқымды сиырлар сауылуда. Сүт өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында «Евразия Агроинвест» ЖШСтауарлы сүт фермасының құрылысына инвестиция құюды көздеп отыр. Жоба жыл соңына дейін іске асуы тиіс. Жергілікті халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, «Восток-Бройлер» ЖШС бройлер тауықтарын өсіріп, ет бағытына ауысты. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша, жұмыртқа мен құс етіне деген Ресейдің сұранысы жоғары болғандығы соншалық, қорда сақталып тұрған өнімнің бәрі өтіп кеткен.

Биыл 25 млн. дана жұмыртқа алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Тамаша» ЖШС базасында диірмен кешені құрылысын аяқтауға аз-ақ қалған. Бұл жоба іске асса, макарон өнімдерін шығару көлемі жылына 4 000 тоннаға жеткізілмек. Ал «Семнан» ЖШС-де нан пештерінің жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы құны 17 млн. теңгені құрайтын қытайдың тәтті тоқаштар шығаруға арналған пештері әкелініп, өндірісте жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бұл кәсіпорын 2015 жылы инвестиция көлемін және негізгі қаражатын 30 млн. теңгеге жеткізуді жоспарлауда. Ет консервілері мен шұжық өнімдерін шығаратын «Семей ет комбинаты» ЖШС өндіріс қуатын тәулігіне 27 тоннаға жеткізді. Семей кезінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған қала ретінде танымал болғаны белгілі. «Еуразиялық экономикалық одақ осы мәртебесін семейге қайта оралтады», - дейді кәсіпкерлер. Осыған орай Ресейдің Рубцовск қаласының мэрі келіп, экономиканың түрлі саласы бойынша келісімшартқа отырмақ.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар