Шығыс Қазақстан мен Штирия аймағы (Асвтрия) арасындағы байланыс артады

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан мен Штирия аймағы (Асвтрия) арасындағы байланыс артады

28-шілдеде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігі және Құрметті консул, доктор Г. Небелдің ұйымдастыруымен Австрия мемлекетінің Штирия федералды жер аймағымен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Штирия үкіметі басшысының орынбасары Христиан Бухманмен екі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, аймақаралық қарым-қатынастың болашағы да сөз болды. Достық қарым-қатынасты нығайтуға экономикалық сала құрылымдарындағы (автомобиль құрастыру, металлургия, туризм, энергияның балама көздері, экология, мәдениет, медицина және ауыл шаруашылығы) ұқсастық игі әсер ететіндігі баса айтылды.

Штирия федералды жер аймағының экономикалық палатасының, кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіпшілерді біріктіру орталығының басшылығымен болған кездесуде аймақ басшысы Бердібек Сапарабев сол жақтан инвестиция тартуға, сондай-ақ, Штирияның озық технологияларын Шығыс Қазақстанның экономикасына енгізуге қызығушылық танытты.

Облыс әкімі «Andritz Enerqy & Environment» кәсіпорнында болған кезде жылу қазандықтары мен түтінді газдан тазартатын құрылғыларды сатып алу және орнату, ағаш қалдықтарын қайта өңдеу мәселелерін талқылады.

Айта кетерлігі, Еуроодақ аймақтарының ішінде 1,2 миллион халқы бар Штирия федералды жер аумағы қарқынды дамып келе жатқан аймақтың бірі. Оның экономикалық дамуының негізі - өнеркәсіп. Өнімдердің көбі экспортқа шығарылады және халықаралық серіктестермен жұмыс істейді. Штирияның экономикалық жағдайы инновацияның дамуына да тікелей байланысты. Бұл федералды жер аумағын зерттеу және өңдеу жағынан Еуропадағы 300 аймақтың ішінде екінші орында тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар