«Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесінің инновациялық жобалары қолдауға ие болды

(Дауыстар: 1)
«Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесінің инновациялық жобалары қолдауға ие болды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізілген «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі аймағымыздың әлеуетін паш етіп қана қоймай, жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашып, кәсіпкерлеріміздің құл-шынысын тудырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Нобель сыйлығының иегерлері Курт Вютрих пен Святослав Тимашев, шетел ғалымдары Клаус Тиссен, Алексей Кавокин, Джузеппе Эрамолардың өздері көздерімен көріп, пікірлерін айтып, жоғары баға беріп кеткен «Болашақтың энергиясы» конкурсының жеңімпазы атанған 21 инновациялық жоба қазір Ұлттық технологиялық даму агенттігіне жіберіліп, оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшылары БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ қазірдің өзінде бес-алты жобаны жүзеге асырудың, оларды қаржыландырудың нақты тетіктерін ұсынып, өз тараптарынан қолдау көрсеткелі отырғандығын жеткізді.

- Өңірдегі ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ғылым өкілдері мен кәсіпкерлерден көрме конкурсына екі айдың ішінде 86 жоба келіп түскен болатын, - дейді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары. - Толықтырулар мен пысықтауларды қажет етуіне байланысты кейін қайтарылған жобалар да көп болды. «Өскемен ЭКСПО-2014» шындап қолға алса, нәтижесін берер бастамалар мен игі істердің әлдеқайда арта түсетінін көрсетіп берді. Шетелдік энергетика саласының сарапшысы Клаус Тиссен біздің көрменің өзі күткендегіден анағұрлым жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, көңіл қояр жобалар жетерлігін атап айтқанын білесіздер.

Доктор Клаус Тиссен, Алексей Кавокин сынды ғалымдар Шығыспен, Қазақстанмен байланыстарын үзбейтіндерін, алдағы жылдары да бізге ат басын бұратындарын айтып кетті.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушы - «Астана ЭКСПО-2017» АҚ «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесін ұйымдастырушыларға шараны ұйымдастыру жұмыстарының қыр-сырын өздерімен бөлісуге орай тілектерін білдіріп, өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға отыруға ұсыныс та түсірген.

Қос басқарма мамандары көрменің нәтижелері мен қорытындысын осылай саралай келе, алдағы 2015 жылы Өскеменде тағы да «Өскемен ЭКСПО» көрмесін өткізу көзделініп отырғанын мәлімдеді. Көрмені 2017 жылға дейін өткізіп отыру жоспарлануда.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Экономика | Кілт сөдер: инновациялар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар