Электронды киіз үй ертегі де айтады, ән де шырқайды

(Дауыстар: 2)
Электронды киіз үй ертегі де айтады, ән де шырқайды

Өсіп келе жатқан ұрпақтың ертеңі жарқын болуы үшін, «Ұлас-Электрон» ЖШС ертегі айтатын «Электронды қазақ үйін» көпшілік назарына ұсынуда. Ойыншық тәріздес шағын ғана киіз үйден ертегі ғана емес, қазақтың күйлерін, халық әндерін, терме-толғаулар және Абайдың қара сөздерін тыңдауға болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шағын ғана киіз үйдегі аудиожазбалар төрт бөлімнен тұрады. Атап айтар болсақ, бірінші бөлімде танымал актер Айдос Бектемір мен белгілі диктор Сауық Жақанова оқыған қазақтың 150 ертегісі кіріктірілген. Екінші бөлімде талантты жасөспірімдер мен танымал әншілер орындаған 167 ән енгізілген. Ал үшінші бөлімді қосып қойып дәулескер күйшілердің күйімен сусындай аласыз. Соңғы бөлім Абайдың қара сөздерімен және терме-толғаулармен толықтырылған. Бұл жерде 114 халық әні, 202 халық әнші-композиторларының әндері, 62 терме-толғау, 26 патриоттық ән, 7 бесік жыры және Абайдың 45 қара сөзі бар. Сондай-ақ, өзіңізге қажетті аудиожазбаны оңай тауып алу үшін, тізім жазылған арнайы кітапшасы бар. Бұдан бөлек өз қалауыңыз бойынша қажетті әндерді флеш картаға жазып алып, «электронды қазақ үйіне» қосып тыңдай беруіңізге болады. Баса айта кетерлігі, Ғалымбек Қызырбекұлының идеясымен жүзеге асып отырған ұлттық өнім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары бағасына ие болып, Мәдениет министрлігіне қарасты Тіл комитетінің сараптауынан өткен. Киіз үйдің өзі сапалы, мазмұнды, ұлттық нақышта безендірілген. Жоба жетекшілерінің айтуынша, жаңа жобаның жүзеге асуына үш жылдай уақыт жұмсалыпты. Сәтті шығуы үшін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Алматыдағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, танымал әнші-композиторлар, ақындар, жазушылар қолдау көрсетіп, өз кеңестерін берген.

- Енді осы «электронды қазақ үйін» балабақшалар мен мектептерде пайдалану үшін, Білім және ғылым министрлігі-не ұсыныс жібердік, ұсынысымыз қолдау тауып жатса, балабақша бүлдіршіндері де игіліктеріне жарата алады, - дейді «Ұлас-Электрон» ЖШС директорының орынбасары, жауапты редактор Жарқын Сәленұлы.

Жуықта Өскемен мен Семейде ұлттық құндылыққа тұнып тұрған осынау «электронды қазақ үйдің» таныстырылымы өтті. Оған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов, Пушкин атындағы облыстық кітапхананың директоры Хабиба Ақжігітова қатысып, ой-пікірлерін білдірді. Шараға қатысушылардың да ұлттық өнімге деген қызығушылығы жоғары болды. Бұл жоба тілі енді шығып келе жатқан сәбилердің рухани тәрбиемен сусындауына таптырмас құрал екені айтылды. Осынау шағын киіз үйге қызығушылық таныт-қан жұрт оны Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханадан ала алады.

Электронды қазақ үйінде 114 халық әні, 202 халық әнші-композиторларының әндері, 62 терме-толғау, 26 патриоттық ән, 7 бесік жыры және Абайдың 45 қара сөзі жазылған. Сондай-ақ, өзіңізге қажетті аудиожазбаны оңай тауып алу үшін, тізім жазылған арнайы кітапшасы бар.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қазақстан, Қоғам | Кілт сөдер: киіз үй

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар