Әлем ғалымдары ядролық сынақтардың зардаптарын жою мәселесін талқылады

(Дауыстар: 1)
Әлем ғалымдары ядролық сынақтардың зардаптарын жою мәселесін талқылады

Курчатов қаласында «Ядролық сынақтар мониторингі және олардың зардаптары» тақырыбында VIII халықаралық конференция болып өтті. Конференцияда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің құттықтау сөзін Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин оқып, форум жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш конференцияны Қазақстанның «ядролық қарусыз әлем» жаһандық бастамасының жалғасы деуге болады. Еліміз ядролық жарылыстардың алдын алуға және оның зардаптарын зерттеуге белсенді қадамдар жасауда. Жиынға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Ұлттық ядролық орталықтың, Норвегиядағы «НОРСАР» орталығының, Франция атом энергетикасы комиссариатының және өзге де беделді мекеме-ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар әлемнің түрлі елінен 50-ден астам саясаткер, ғалым мен маман қатысты. Франция атом энергетика комиссариаты геофизика бөлімі-нің жетекшісі Жилберт Жоселани форумда айтылатын жаңалықтар өз елі үшін аса маңызды екеніне тоқталып өтсе, Колумбия университетінің профессоры Ричардс Пол Грэнстон былай деп ой бөлісті: «1992 жылы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесу мүмкіндігіне ие болдым. Ол Нью-Йоркте Халықаралық істер жөніндегі консулмен кездесіп жатты. Оған Қазақстанның экономикасы мен тарихы туралы көптеген сұрақтар қойылды. Президент бәріне жауапты қысқа қайырды. Сол кезде мен: «Президент мырза, кеше ғана Қытайда қуаттылығы 400-500 тоннаға жететін ядролық жарылыс болды. Бұған не айтасыз?» деп сұрадым. Ол 20 минут көлемінде кеңінен тоқтала жауап берді. «Қазақстан ядролық қарудың тоқтатылуы үшін бастамашы болуға әзір» деді. Шынында да, содан бері қанша уақыт өтті. Қазақстан бейбіт өмірді насихаттап келеді. Көптеген ғалымдар Қазақстан сейсмикалық жағынан зерттеуге болатын қолайлы жер деп айтуда.

Елдеріңіз мұхиттардан жырақ орналасқандықтан, сейсмологиялық белгілердің жиілігін жақсы зерделеуге болады».

Геофизикалық зерттеулер институтының бас директоры Надежда Беляшованың айтуынша, конференция тақырыбы Қазақстан үшін аса маңызды. Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда көптеген жарылыстар болды. Ядролық сынақтардың зардаптарын экологиялық, әлеуметтік, геодинамикалық қозғалыс тұрғысынан зерттеу қажет. Оның үстіне, биыл «Невада-Семей» қозғалысына - 25 жыл.

- Семей ядролық полигонында 1949-1989 жылдар аралығында 450-ден астам ядролық сынақ өткізілген. Солардың зардабы әлі күнге жойылған жоқ. Сынақтардан зардап шеккен адамдардың денсаулығын жақсарту, полигон маңындағы жерлерді залалсыздандырып, халық шаруашылығына пайдалану мәселесі біртіндеп шешілуде. Сондықтан Курчатов қаласында ядролық қаруды қолдануға қарсы, жер сілкіністерін зерттеу ғылымына арналған халықаралық конференция жыл сайын өтіп тұрады, - деп шараның маңыздылығына тоқталды Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин.

Сынақтар өткізілген аумақтың жер қыртыстарындағы өзгерістер мен құбылыстарды зерттеу және экологиялық, әлеуметтік, геодинамикалық зардаптарды болжаудың маңызы зор. Жиынның негізгі бағыты осы мәселелерді қамтыды. Бұл конференцияға Швейцария, Беларусь, Қырғыз елдерінің ғалымдары да қатысты. Белоруссия ғылым академиясы геофизикалық мониторинг орталығының жетекшісі Аркадиий Аронов жер қозғалысының инфрадыбыстық қозғалысын зерттеуді АҚШ, Франция, Ресеймен бірге жоспарлап отырған Қазақстан ғалымдарына қызығушылық танытатынын атап айтты. Ал Ресей ғалымдары екі ел арасындағы іскерлік байланыстың орнағанына біраз жыл болғанын және оның негізінде ядролық және радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылғанын мәлімдеді. Ең алғаш рет осы конференция барысында ғалымдар АЭС салу мәселесін кеңінен талқылады. Конференция аясында шетелдік ғалым-дар БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар