Мал індетінің алдын алу талаптары қатаң сақталады

(Дауыстар: 1)
Мал індетінің алдын алу талаптары қатаң сақталады


Қауіпті жұқпалы аурулар еліміздің бірқатар аймақтарында тіркеліп, ауырған малдардың жойылып жатқанын білеміз. Мал індеті Бородулиха ауданын да айналып өткен жоқ. 2011 жылы маусым айының басында Дмитриевка ауылдық округінің Боровое елді мекенінде аша тұяқты малдар арасында аусыл ауруы тіркеліп, ауылдағы 223 бас ірі қара мал және 716 бас қой-ешкі жойылғанды.

Жойылған малдардың иелеріне өтемақы төленді. Қазір аудандық ветеринариялық бақылау инспекциясы аусыл, сібір жарасы, қарасан, пастереллез, құтырма ауруларын болдырмау мақсатында жоспарлы вакцинациялауды қарқынды жүргізуде. Аталған инспекция басшысы Төлетай Қадыровтың айтуынша, жыл басынан бері сарып ауруына 30 406 бас ірі қара мал тексеріліп, соның
142-сі аталған дертке шалдыққаны анықталыпты. Ауырған малдар түгелдей сойылып, ет комбинаттарына өткізілген. Аудан ветеринарлары 19 923 бас қойды тексеріп, оның 24-інің ауруға шалдыққанын анықтаған және мал иелеріне жойылған малдары
үшін өтемақы алуға көмек жасалған. Мал көмінділерін қауіпсіз жағдайда ұстау мал дәрігерлері тарапынан жіті назарда ұсталынады. Аудан бойынша 18 мал көміндісі (биотермиялық шұңқырлар) болса, оның 8-і типтік жобамен салынған. Барлық ауылдық
округ мал қорымдарымен қамтамасыз етілген. Олардың санитарлық жағдайын аталған инспекция үнемі бақылауда ұстап отырады.
Иесіз қалған ит пен мысық мәселесі біздің ауданның да бас ауруына айналған. Сала маманының сөзінше, бос жүрген ит-мысықтардан қауіп жоқ емес. Қаңғыбас ит-мысықтар ауылшаруашылық малдары арасында індет таратады. Осыған орай жыл сайын ауданда қаңғыбас ит-мысықтарды жоюға қаржы бөлініп, оларды жою жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыспен «Бородулиха аудандық ветеринария қызметі» мекемесінің мамандары айналысады. Ауылдық округтерде малды ұрықтандыру жұмыстары қолға алынуда. Бұл жұмыспен қазірде тек «Е.Зәйтенов» сынды асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар айналысуда.

Серік Әбілқасымұлы
Бородулиха ауданы.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар