Өскеменде бір күнде екі бірдей жәрмеңке өтті

(Дауыстар: 1)
Өскеменде бір күнде екі бірдей жәрмеңке өтті


Өткен сенбіде Өскеменде бір күнде қос жәрмеңке өтті. «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында Глубокое ауданының кезекті ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен қатар көршілес Қытай елінің Шыңжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінен ат терлетіп келген кәсіпкер-шаруалардың «Тоғызыншы Шығыс Қазақстан облысы – Жұңго Шыңжаң ауылшаруашы-лық өнімдер» жәрмеңкесі «Fresh market» гастрономының алдын қызу базарға айналдырды. Қос жәрмеңкені де аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ аралап, тамашалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Глубокое ауданының 17 ауылдық округінен 40-тан аса шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер ауылшаруашылық өнімдерін әкелді. Сиыр мен қой етінің бағасы 900 теңге болса, жылқы еті – 1000, қымыздың литрі – 500, майдың келісі – 1200, балдың келісі 1000 теңгеден бағаланды. Ауданның ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлыбек Құмарғажинның айтуынша, қала базарының нарығындағы өнімдерден 25-30 пайызға төмен бағада сатылған халықтың негізгі тұтынар өнімдерінен жәрмеңкеге 4 тонна мал еті әкілінді.
Сонымен қатар нан, макарон өнімдері, кілегей, қымыз, бал, саңырауқұлақ, көкөніс, картоп сөреге қойылды. Глубокое ауданы-ның құрылғанына 50 жыл толуымен қатар келген жәрмеңкеге белсене атсалысқан аудан шаруаларының мерекелік көңіл күйін аңғардық.

– Шаруа қожалығымыз 1997 жылдан бастап нан өнімдерінің 30 түрін өндіріп келеді. Нан пісіру технологиясын жаңарту жұмысы да жүріп жатыр. Наубай көркін қыздырған 30-дан астам жұмысшыға айына орташа есеппен қырық мың теңге төленеді. 2008 жылы өңірімізді аралау барысында Президентіміз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қожалығымызға тоқтап, нанымыздың дәмін татқан болатын. Кәсіпкерліктің дамуына жол ашқан Елбасының арқасында табысты еңбек етіп келеміз, – дейді Красноярск ауылдық округіне қарасты «Балтаев» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Қайнолдаұлы.

Глубокое шаруаларының жәрмеңкесі қызған тұста Қытайдың Шыңжаң өлкесінен келген кәсіпкер-шаруалар да саудаларын бастап кетті. Көрші елмен экономикалық қарым-қатынас «Жібек жолының» экономикалық дәлізін жаңғыртуда негізгі нысан екені сөзсіз. Жол шалғай болса да, көршілес Қытай елінің бағбандары қала жұртшылығына жеміс-жидек өнімдерінен мандарин, қызылша, бұрыш ала келіпті.

– Қазақ елімен арадағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарымызды одан әрі жандандыра түскіміз келеді. Делегация құрамында жүз адам келдік. Біздің кәсіпкерлер консервілік тамақ өнімдерімен бірге жеміс-жидектің жиырма түрін ала келді, – дейді ШҰАР-лық делегацияны бастап келген Тарбағатай аймағының әкімі Илшат Или.

Қолжетімді бағада балалар ойыншығы да сатылымға қойылды. Десе де, Тарбағатай аймағындағы қазақ қолөнер кесте тоқы-ма бұйымдары қала жұртшылығының қызығушылығын тудырды. Тоқыма бұйым-дарының ішінде қазақы ою-өрнекті әдемі барқыт жібектен тігілген әйел сөмкесі, әмиян, көйлек, төсеніш, құрақ-көрпелерді қала тұрғындары таласа сатып алып кетті. Тоқыма өнерінің жоғары бағаланып жатқанына куә болған кәсіпкер Толқынгүл Махметтің қуанышында шек жоқ.

Қос жәрмеңкенің қызу тыныс-тіршілігіне куә болған облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ арнайы келіп, сатылымдағы өнімдердің бағасымен танысып, Глубокое ауданы тіккен еңселі киіз үйдегі дастарқаннан дәм татты.

Шаһардағы «Үлбі» мәдениет үйінде өткен Глубокое ауданы өнерпаздарының концерті де ерекшелігімен есте қалды. Бұл мәдени шараны облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотников және тағы басқа да құрметті қонақтар тамашалады. Концерт барысында аудан әкімі Арман Бекбосынов ауданның 50 жылдығына орай үздік мамандарға 50 мың теңгенің сертификатын тапсырды.

Аян Өрібаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар