Азия елдерінің жастары Шығыста бас қосты

(Дауыстар: 1)
Азия елдерінің жастары Шығыста бас қосты


Кеше Өскемендегі «Аралдар» резиденциясында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне қатысушы елдердің және жастар ұйымдарының халықаралық лагері аясында «Жастардың мәдениетаралық сұхбаты - Азиядағы сенімнің негізі» атты жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Шараға, сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі Жас-тар ісі комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова, Қытай Халық Республикасы жастар кеңесінің ресми өкілі Ду Донг, Қырғызстанның жастар, еңбек және әлеумет министрінің орынбасары Марат Нұралиев қатысып, сөз сөйледі. Және де алғашқы рет өтіп отырған жастардың Азиядағы сенімінің негізіне айналған мәдениетаралық сұхбатқа Қытайдан, Қырғызстаннан, Әзірбайжаннан, Ресейден, Ираннан, Үндістаннан, Палестинадан, Египеттен, Пәкістаннан, Түркиядан, Тәжікстаннан және Қазақстанның әр облысынан жастардың өкілдері келді. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар шырайлы Шығысқа жан-жақтан келген қонақтарды құттықтады.

– Түркі әлемінің ғана емес, адамзаттың алтын бесігі болған Шығыс өңіріне қош келдіңіздер! Бүгінгі жиын жастар үшін өте қажет. Өйткені, білім де, күш те, жігер де – осы жастарда. Сондықтан әлемнің жастары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек, – деді Жақсылық Омар.

АӨСШК қатысушы елдердің және жастар ұйымдарының халықаралық лагері алғаш рет аймағымызда өтіп отыр. Облыстық жастар саясаты істері жөніндегі басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, шетел жас-тарымен біздің мәдениетаралық, конфессияаралық қарым-қатынас жақсы. Оның үстіне Қазақстан бойынша алғаш рет біздің аймағымызда этноауыл құрылды. Түркі тілдес елдердің арасында алғаш рет халықаралық жобаны қолға алдық. Сондай-ақ, Өскеменде жастар қалашығы бой көтеруде. Елімізде жастарды қолдау бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

– «Болашақ» бағдарламасы бо-йынша мыңдаған жас шетелде білім алды. Олар әлемдегі ең үздік университеттерде оқыды. 2010 жылдан бастап жастарымыз Назарбаев университетінде білім алуда. Бүгінгі таңда Колумбия университетімен, Мәскеу авиация университетімен, Гонконг жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасастық, – деді өз сөзінде Роза Кәрібжанова.

Ал аймағымыз тығыз қарым-қатынас жасасып келе жатқан Қытай Халық Республикасынан келген жастар кеңесінің өкілі Ду Донг Азия әлемдегі тез дамып келе жатқан ай-мақ екенін атап өтті.

– Татулықты, тұрақтылықты сақтау үшін Азияның дамуымен қатар, жастар ұйымдарының қарым-қатынасы да нығая түсер деген сенімдемін, – деген Ду Донг тағы басқа да ұсыныстарын айтты.

Шара соңында Азия елдері мен Қазақстанның барлық облыстарынан келген жастар ұйымдарының өкілдері естелік суретке түсті. Ал АӨСШК қатысушы елдердің және жастар ұйым-дарының халықаралық лагері аясында өтіп жатқан жастардың Азиядағы сеніміне негізі болатын мәдениетаралық сұхбаты Риддер қаласында жалғасын табады. Бұл іс-шара аясында жастар саясаты мәселелері бойынша семинарлар, көшбасшы болуы бағытында шеберлік сыныптары және спорттық ойын-сауық шаралары өтеді. Аталмыш шара Қазақстан жастар конгресі және Жастар ісі комитеті мен облыс әкімдігінің қолдауымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің хатшылығының ұйымдастыруымен өтуде.

Мерей Қайнарұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар