Ортайған орманды оңалтуға күш салынып жатыр

(Дауыстар: 1)
Ортайған орманды оңалтуға күш салынып жатыр


Орманды жою оңай. Ал өлкеміздің жасыл байлығын қалпына келтіру өте қиын. Мәселе ақшада да емес. Жаңа орман алқабы өсіп шығу үшін тек адам назары мен еңбегі ғана емес, сонымен қатар ең бас-тысы – уақыт қажет.

Облысымыздағы орманды қорғау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру мәселелерімен бірнеше мемлекеттік мекеме айналысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қорықтар, кіші қорықтар, резерваттар үшін Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жауап береді. Қалған аумақтар жергілікті атқарушы органдар, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарауында. Орманды қалпына келтіру іс-шараларын 13 орман шаруашылығы орындайды.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Александр Скуратовтың ақпараты бойынша, осы жылы орман шаруашылықтары еңбеккерлерінің күшімен жалпы ауданы 513 гектарға ағаш көшетте-
рі отырғызылды. Тағы 4,3 мың гектарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлері көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді.
– Біздің орман шаруашылықтарымыздың аумақтары орман шаруашылығын жүргізетін жүйе материалдарымен жоспарланған көлемде игерілді. Самырсын, қайың, шырша, балқарағайдың 3-5 жасар көшеттері Өскемен, Риддер, Зырян, Жоғарғы Үбі, Кіші Үбі, Күршім, Асубұлақ, Үлкен Нарын, Марқакөл, Пихтовской, Самар, Черемшанка орман шаруашылықтарында отырғызыл-ды, ¬– дейді Александр Скуратов. – Жас ағаштар орман шаруашылық-тарының тәлімбақтарында өсірілген. Сонымен қатар, тұқымдарды орман шаруашылықтарының ма-мандары да әзірлейді.

Ағаш отырғызуға арналған негіз-гі телімдер – бұлар бұрын кесілген ормандардың орны, өртенген жерлер. Жету жолы қиын аумақтар да назардан тыс қалмайды. Егер осындай телімдерге ағаш отырғызу қажеттілігі болса, ол үшін қаржы іздестіріледі. Жұмыстар жер беде-рінің күрделілігіне қарамастан ат-қарылады.

Орман шаруашылығын жүргізу жоспарлары әдетте он жылда бір рет жасалады. Мұндай ұзақмерзімді жоспарлау отырғызуға әзір кө-шеттер тәлімбақтарда 3 жылдан 5 жылға дейін өсетініне байланысты қажет. Орманшылар қайда, қанша және қандай ағаштарды отырғызу керек екенін алдын ала білулері тиіс.

– Соңғы жылдары бізде ағаш-тар жоспарланғаннан анағұрлым аз кесіледі. Бұл облыста ағаш өңдеу жөніндегі ірі кәсіпорындардың жоқтығына байланысты. Мәселен, көктеректің шабылуға рұқсат беріл-ген көлемі кесілмейді. Ал аумақтар босатылмаса, тиісінше жаңа ағаш-тарды отырғызу ол жерлерде жүр-гізілмейді, – дейді Александр Скуратов. – Егер іске жарамды ағаштар құрып жатса, орман ресурстарын тиімді пайдалану туралы сөз қоз-ғауға бола ма? Бірақ мемлекеттік реттеусіз кесу дұрыс емес. Барлық жағдайда да баршаға тиімді шешім болуы тиіс.

Біздің облыста көшеттердің ұласып өсу үлесі орташа шамамен 75 пайызды құрайды. Ағаштың ары қарай өсуі көптеген факторларға тәуелді. Бірақ көп жағдайда бәрін ауа райы шешеді. Бастысы, ағашты көктемде ыстық басталмай тұрып отырғызу. Қазіргі уақытта облыстың орман шаруашылықтарында ашық тамыр жүйесі бар көшеттер пайдаланылуда. Оларды тұрғылықты өсу орнына тек көктемде ғана отырғызу қажет. Негізінен отырғызу жұмыстары мамырда іске асырылады, ең ақырғы мерзім – 15 маусым. Көшет топырақпен бірге отыр-ғызылса, әңгіме басқа. Бірақ жас ағаштарды жабық тамыр жүйесімен бірге отырғызу жүйесі біздің облыс аумағында енді ғана енгізіліп жатыр. «Семей орманы» резер-ватында осындай технология бойынша жұмыс істейтін арнайы тәлімбақ құрылған. Мұндай ағаштардың ұласып өсуі жақсы деп санайды Александр Скуратов. Мұнымен қатар, тамыр жүйесі жабық жас ағаштарды отырғызу мерзімі көктемнен күзге дейін созылады. Сонымен қатар, мұндай технология бойынша отырғызу көлемі де арта түседі.

Біздің анықтана


Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтары-ның қызметін қаржыландыруға шамамен бір миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражаттың 90 пайызы еңбекақы төлеуге жұмсалады. Ал тікелей орманды қалпына келтіруге осы жылы 69 миллион теңге қарастырылған.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар