Өскеменде жемқорлыққа қарсы күрестің тың жобалары талқылануда

(Дауыстар: 1)
Өскеменде жемқорлыққа қарсы күрестің тың жобалары талқылануда


«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелде «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» жобасы кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елдегі жетекші партия бүгінде сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуының басты құндылығы – тәуелсіздікке төндіретін қаупі мен зардабын алдын ала болжай келіп, елдің дамуы мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, алдағы онжылдық мерзімді қамтитын осы қоғамдық дертпен күрестің жаңа бағдарламасын жүзеге асыру-ды мұрат етіп отыр. Жаңа бағдарлама жобасы қазіргі таңда республика аумағында қызу талқыға түсуде.
Партияның облыстық филиалы төрағасы-ның бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков аталмыш жоба облыстағы 354 бастауыш
партия ұйымдарымен жан-жақты талқыға түскенін, 16 нақты ұсыныс әзірленгендігін атады. Жобаны жұртшылыққа жете түсіндіруде ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысы қарқын алғандығын жеткізді. Ол жобаны талқылауға арналған қорытынды жиын 25-тамызда облыс орталығында өтетінін, онда сол уақытқа дейін мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардан түскен нақты ұсыныстар топтас-тырылып, партияның орталық аппаратына жолданатынын айтты.

Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраев «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының жаңа заң жобасын халыққа түсіндіріп, таныстыруға берген тапсырмасы негізінде келіп отырғандығын, қазақстандық қоғамда жемқорлықпен күрес үздіксіз жалға-сатынын, жаңа бағдарлама соның нақты дә-лелі болатындығын жеткізді.

– Жаңа құжатта қоғамдық дертпен күрестің бұрнағы жылдардағы тәжірибелері ескері-ле отырылып, тың бастамалар, соны өзгерістер енгізілетін болады. Жемқорлықпен күресті әр ортадан, әр ауладан, әр мекемеден бас-тау қажет. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Жолдауларында үнемі баса айтып келеді. Мемлекеттік қызметте жүрген әр адам осы лаңнан аулақ болса, қоғамның дамуы да жаңа арнаға бұрылады. Сондықтан жаңа құжаттың іске асуына бәріміз мүдделілік танытқанымыз абзал, – деді Төлеген Ибраев.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі об-лыстық департаментінің басшысы – тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов экономикасы қарыштап дамыған алпауыт елдерде де сыбайлас жемқорлықпен күрес тетіктері бар екендігін, бұл бағыттағы жұмыс жыл сайын ширап, талаптар күшейтіле түскендігін атады. Мәселен, 2013 жылы облыста департамент қызметкерлерімен 39 мемлекеттік қызметтегі тұлғаға қатысты іс қаралса, биылғы алты айдың өзінде ғана сыбайлас жемқор-лыққа қатысты 50-ге тарта іс қаралып отыр. Сондай-ақ, ол жаңа жобаны барлық мекемелерге жолдай отырып, олардан келген ұсыныстар назарға алыну керектігін жеткізді.

Ал партияның облыстық филиалы партия-лық бақылау комитетінің төрағасы Олег Чернышов жемқорлықпен күрестегі әлеуметтік зерттеулерге тоқталды. Дөңгелек үстелде сонымен бірге, партияның Өскемен қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Рыспек Қасенов, Қазақ-Американ еркін уни-верситетінің вице-президенті Ерсайын Нәбиев және басқалар талқыланып отырған бағдар-лама жобасына орай өз ойларымен бөлісті.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар