ШҚО Үржар ауданында суармалы жерлерді дамыту тақырыбында семинар-кеңес өтті

(Дауыстар: 1)
ШҚО Үржар ауданында суармалы жерлерді дамыту тақырыбында семинар-кеңес өтті


Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Үржар ауданында болып, Көлденең ауылында өткен «Облыс көлемінде суармалы жерлердің жағдайы мен әрі қарай даму мәселесі» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысты. Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы бірқатар шаруа қожалықтарында болды, «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдымен облыс басшысы семинар-кеңеске келген Ауыл шаруашылығы министрлігі Су комитетінің төрағасы Ислам Әбішевпен бірге мұндағы «Бәтуә» серіктестігінің соя дақылын тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерімен танысты.

Осыдан үш жыл бұрын негізі қаланған шаруашылық заманауи технологияларды пайдаланып, суару жүйесін дамытуды және топырақ құнарлығын сақтап әрі жақсарта отырып, өнімділікті арттыруды өз алдына мақсат етіп отыр. Қожалық жетекшісі Асқар Ізімғалиевтың айтуынша, олар қазір құны 3 миллиард теңгеден асатын ауқымды жобаны қолға алған. Биыл шаруашылық суармалы егістік көлемін 2250 гектарға ұлғайтыпты. Он алты «Валлей» жаңбырлатқыш қондырғысы бүкіл алқапты суарып шығуға қауқарлы, ал 300 гектар жер тамшылатып суару әдісімен игерілуде. 500-ден астам адам еңбек ететін серіктестіктің бүгінде 150-ге жуық түрлі техникасы бар.

Бұдан соң жұмыс тобы «Бақ-Тұр» серік-тестігінің егіс алқабында болды. Мамандар бұл жерде қожалықтың соя өсіру және жаң-бырлатып суару әдісімен танысты. Кәсіпорын биыл «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы лизингке 870 миллион теңгенің 43 ауылшаруашылық техникасын сатып алыпты. Оның ішінде соңғы үлгідегі комбайндар мен тракторлардан басқа, «Байнлих Монсун» атты неміс фирмасының жаңбырлатқыш қондырғылары да бар. Нәтижесінде суармалы егістік аумағы 2300 гектарға ұлғайып отыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Кәленбек Қарашевтың айтуынша, осы өңірде 179 мың гектар егістік алқап бар, соның тек 22 мың гектары ғана суармалы. Алдағы екі-үш жылдың ішінде суармалы жерлердің көлемін кем дегенде 5 мың гектарға дейін кеңейту көзделуде.

Осыдан кейін облыс әкімі Науалы-Көлденең-Қаратұма бағытындағы жолдың жөнделу барысын көрді. Көлденең ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің салтанатты ашылуы болды. Оны биыл «Юбилейный» серіктестігінің басшысы Мамырбек Қарашев 24 миллион теңге меншік қаражатына қалпына келтірген.

– Бұл ауылға қарап, еліміздің дамып келе жатқанын көруге болады. Мұның бәрі – Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып келеді. Әлеуметтік мәселелер де біртіндеп шешілу-де, айталық, осы ауылға қатынайтын жолды жөндеуге қазынадан 34 миллион теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, әркім кіндік қаны тамған жерінің өркендеуі үшін еңбек етуі керек. Мына мәдениет үйін жөндеген Қарашевтар отбасының бұдан бұрын ауылға спорт кешенін, мешіт және қатымхана салып бергенін білеміз.

Енді, міне, осы отбасының мүшелері тағы бір игілікті істі абыроймен аяқтап отыр. Мен осындай жомарт азаматтарға алғысымды білдіріп, өзгелерді олардан үлгі алуға шақырамын, – деді аймақ басшысы салтанатты шара барысында.

Суармалы егістік алқаптарын ұлғайту жөніндегі облыс әкімдігі мен Су ресурстары комитетінің бірлесе ұйымдастырған семинар-кеңесі осы Мәдениет үйінің кең залында өтті. Оған облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдерінің ауыл шаруашылығына жа-уапты орынбасарлары, ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарының жетекшілері және сала мамандары қатысты. Кеңес басталмас бұрын ғимарат фойесінде аудан-дағы қожалықтар шығарған өнімдердің шағын көрмесі ұйымдастырылды.

Семинар-кеңесте суармалы жер-лерді ұлғайтудың жолдары кеңінен қарастырылып, осы бағыттағы өзекті мәселелер мен оларды еңсерудің әдіс-тәсілдері пысықталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ облысқа жасаған іссапарында жергілік-ті билік өкілдеріне өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін жүктеген болатын.

Бүгінгі таңда облысымызда 90 мың гектардан астам суармалы жер бар, мамандардың пікірінше, осы алқаптарды кем дегенде 205 мың гектарға көбейту керек. Алғашқы кезеңде жылына суармалы аумақтарды 5-10 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылып отыр. Ол үшін ең алдымен қолда бар мүмкіндікті пайдалану, атап айтқанда, иесіз қалған гидротехникалық құрылғыларды жөндеуден өткізу қажет.

– Еліміздегі су қорының 67 пайызы – біздің облыста. Біз сұранысы жоғары өнімді өсіруге тиіспіз. Өңірдің ауа райы күрт құбылмалы. Бес жылда екі рет қуаңшылық болып тұрады. Табиғатқа тәуелділіктен арылу үшін, су резервтерін пайдалану қажет, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсенбай Селиханов.

Ең тиімді әдіс – тамшылатып суару, ол қымбат болса да, өнімділікті арттырып, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, судың 90 пайызы өз мақсатында қолданылады. Ал жаңбырлатып суару кезінде судың тек жартысы ғана іске асады.

– Айталық, Бесқарағай ауданында егістік-ті суару жақсы жолға қойылған, 1 гектар суармалы алқапқа мемлекет тарапынан 120 мың теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Ал Глубокое ауданында бірде-бір гектар суармалы жер жоқ. Қасында Ертіс өзені ағып жатыр. Суармалы егістікті дамытып, көкөністі молынан өсірсе, аталмыш аудан Өскеменді азық-түлікпен қамтамасыз етер еді, – деді осы ретте аймақ басшысы.

Суару технологиясын бізге өзге елдерден, мысалы, Кедендік одаққа мүше Белоруссиядан үйренуге болады. Оларда топырақтың құнарлығы, яғни, банитеті 40-50 балды құрайды. Сол жерден гектарынан 40-50 центнер өнім жинайды.

Суармалы егістіктің ұлғаюы өнімнің молаюына, нәтижесінде мал шаруашылығының дамуына да септігін тигізері анық. Қазір облыста 900 мыңдай сиыр бар, олардың санын алдағы уақытта 1 миллионнан асыру керек. Шаруалар жемшөптің аздығын сылтау етеді, егер суармалы егістікті дамытсақ, жем мәселесі де шешімін табады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Зайсан, Тарбағатай, Күршім сынды топырағының құнарлығы кем, әрі суы аз өңірлерде суаруға болатын жерлер игерілмей жатыр.

Кеңесте аудан әкімі Серік Зайнулдин Үржар өңіріндегі жағдай турасында мәлімет беріп өтті. Қуаңшылықтың кесірінен мұнда биыл гектарынан 9 центнер өнім алынуда, былтыр 20 центнер болған. Аудандағы 43 мың гектар суармалы жердің 52 пайызы, яғни, 23 мың гектары игерілмей бос жатыр. Ол үшін Қарақол, Келдімұрат, Құсақ су қоймаларын ретке келтіру қажет.
«Агрофирма Приречное» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев, «Астана-Бизнес» агрохолдингінің басшысы Фарид Әбітаев суармалы егістіктің тәжірибесімен бөлісті.

– Суармалы егістікті дамытуға мемлекет қомақты қаржы бөліп отыр. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін бұл бағытта шамамен 1,5 триллион теңге жұмсау қарастырылған. Бірақ шаруалар тарапынан, жергілікті жерлерден тұщымды ұсыныстар аз болып тұр. Біздің мамандар облыстағы барлық су нысандарын, арналарды түбегейлі тексеріп шықты. Есептеуіміз бойынша, облысқа осы мақсаттарға 14-15 миллиард теңге қажет. Тек нақты жобаларды, олардың сметалық құжаттамаларын тездетіп жасау керек. Шығыс Қазақстанның су қоры жеткілікті, бір ғана Ертіс өзенінің өзі үлкен мүмкіндік береді, комитет тарапынан да осы іске қолдау болады, – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.

Кеңес соңында аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ Су ресурстары комитеті мен облыс мамандарынан арнайы жұмыс тобын құрып, нақты нысандар бойынша әрекет етуді ұсынды.

Түс ауа аймақ басшысы Қаратал ауылында болып, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында атқарылған жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, ауылға кіреберіс арка, «Береке» атты мұнара орнатылған, мектеп пен соғыс ардагерлеріне арналған саябақ, стадион мен хоккей қорапшасы абаттандырылып, орталық көшелер жарықтандырылған.
Бұдан соң өңір басшысы Қабанбай ауылына барып, Алакөл жағалауын бекіту жұмыстарын бағамдады. Пирс құрылысын жалғастыру үшін жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Одан кейін облыс әкімі балаларға арналған «Үржарайым» лагерінде ауданның ардагерлерімен кездесті. Биыл бұл лагерьде мың жарым бала демалыпты. Демалыс маусымы аяқталған соң, аудан басшылығының мұрындық болуымен 75 еңбек ардагері сауығып жатыр.

– Бұрынғы еңбегімізді бағалап, біздерді осы лагерьде демалтып жатқандары үшін облыс-аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Біз мұнда 5 күндей боламыз. Көлдің шипалы суына түсіп, ем аламыз, ал ең бастысы, бір-бірімізбен әңгімелесіп, өткен күндерді еске алысу ғой, – дейді мақаншылық 74 жастағы қария Февраль Омаров.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар