ШҚО Катонқарағай ауданы Ақмарал ауылының мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді

(Дауыстар: 1)
ШҚО Катонқарағай ауданы Ақмарал ауылының мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді


Бұғы өсірушілер мекен ететін Катонқарағай ауданы, Ақмарал ауылындағы мектептің тарихы 1956 жылдан бастау алады. Алғашында сегізжылдық орыс-қазақ мектебі болып ашылған бұл оқу орны кейінірек Парк орталау мектебі, одан соң Черново орта мектебінің филиалы болып, соңғы екі жылдан бері Ақмарал негізгі орта мектебі аталып келеді екен.

Шағын болғанымен іші-сырты мұнтаздай, маңдайында көк байра-ғы желбіреген мектеп ауылдың еңсесін көтеріп тұрғандай-ақ. Ауласында гүлзарлар, мұғалімдер мен оқушылар жасап, орнатқан ертегілер кейіпкерлерінің түрлі бейнелері, ал сырт жағында спорт алаңы мен түрлі көкөністер егілген оқу-тәжіри-белік телімдері жайқалып тұр.

Дәліздегі әдемі көрнекіліктердің ішінен «Салтын сүйген жас ұлан халқын сүйген ер болар» деген тақырыппен безендірілген бұрышта ұлттық салт-дәстүр мен сананы қа-лыптастырудағы жас ұрпақ ережесі, сондай-ақ, бойжеткен қыз бен ержеткен ұлдарға арналған қазақы салт-дәстүр қағидалары жеке-жеке орналастырылыпты. Ғимарат ішін аралатқан мектеп директоры Салтанат Дүзбаева оқу орны мен ұжым жайында әңгімеледі.
– Ауыл шағын, жастар аз, бала саны да жылдан-жылға азайып келеді. Алдағы оқу жылында мектептің балабақшалық тобындағы он бүлдіршінді қосқанда 36 бала оқып, тәрбиеленбек. Тоғыз сыныптың оқушылары алты сыныптық комплекті бойынша оқытылады, – дейді Салтанат Мұсайыпқызы.

Мектепте ағылшын тілінен басқа пән мұғалімдері толық екен. Былтыр Ақтоты Батырханова, Айнұр Мәнкеева, ал биыл география пәнінің мұғалімі Гауһар Шлай сынды жас маман-мұғалімдер келіпті.

– Алты компьютер, екі ин-терактивті тақта және кітапхана бар. Бастауыш сынып мұғалімдері Н.Қасақаева, З.Қинаятова, физик Г.Байбатырова, биолог Ж.Көгеева сынды тәжірибелі педагогтар оқушыларға сапалы білім беруде. Осы арадан тоғызыншы, көршілес Жамбыл орта мектебінен он бірінші сыныпты бітіріп, жоғары оқу орындарына аттанып жатқан түлектеріміз аз емес. Қазір Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде радиотехника саласынан білім алып жатқан Г.Темірханова, Алматыдағы қыздар педагогика институтында оқитын Б.Қайырғазина сияқты түлектеріміз – біздің мақтанышымыз, – дейді мектеп директоры. – Мектеп жаңа оқу жылына әзір. Теплофондармен жылытылатын мектебіміз қыста жылы, балабақшадағы бүлдіршін-дердің тамағы тоқ. Алайда, мұғалімдердің ғана емес, бүкіл ауылдың біраздан бері шешілмей келе жатқан проблемасы жоқ емес екен. Ол – жол мен Тихой өзенінің жыл сайын су басып кететін көпірі. Сондықтан мектеп ұжымы ауданға енді келіп жатқан басшы шалғайдағы Ақмарал ауылының осындай қиыншылықтарын жоюға нақты көмек жасап, биыл оң шешіп берсе екен деген үмітте...

Айтмұхамбет Қасымов

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар