Әлем дәрігерлерінің веложарысы Семейден бастау алды

(Дауыстар: 1)
Әлем дәрігерлерінің веложарысы Семейден бастау алды


«29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс күні қарсаңында «Семей-Павлодар-Астана» бағыты бойынша халықаралық акция-веложарыс бастау алды. Бұл – бүкіләлемдік 21 конгресс аясында қолға алынып, «Әлем дәрігерлері ядролық қаруға қарсы» халықаралық қозғалысының дәрігерлері ұйымдастырып отырған шара.

Түйемойнақ аралындағы «Өлімнен де күшті» монументінің жанынан Эстония, АҚШ, Кения, Непал, Германия, Үндістан, Австрия елдерінен келген жас дәрігерлер мен студенттер жолға шықты. Қатарларына Семейден 7 жас дәрігер қосылды. Олар жолда 10 күн болып, қайтадан Семейге оралмақ, мақсаттары – 29 тамызда өтетін митингке қатысу.

– Қазақстанның бастамасы – әлемге үлгі. Бұл – ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы халықтың тарихы. Біз дәрігер ретінде бұл ел қандай зардаптар тартты, соны білгіміз келеді, – дейді «Әлем дәрігерлері ядролық сынақтарға қарсы» қозғалысы директорлар кеңесінің төрағасы Ларс Полмейер (Германия).

– Осы Түйемойнақтағы мемориал жанында 2009 жылы тамызда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ БҰҰ-ға 29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалыс күні деп жариялауға ұсыныс енгізген болатын, – деді қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева. – Сіздер де біздің қатарымызға қосылып, әр елден жиналып, маңызды шараға атсалысып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз.

– Веложарыс кезінде оған қатысушылар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарын басып өтіп, жергілікті халық арасында ядролық қарудың қатерлілігін, одан бас тарту қажеттігін айтып, үгіт-насихат шараларын жүргізбекші. «Дәрігерлердің 21 бүкіләлемдік конгресі» бүгінде өз құрамына ядролық қарусыз әлем үшін күресетін 500 делегатты 50 елден жинап отыр. Олардың қатарында дәрігерлер, беделді ұйым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері бар, – дейді АҚШ-тан келген жоба үйлестірушісі Мишель Джин.

Оның айтуынша, тамыз айының басында ғаламтор арқылы әлеуметтік желілерде отырған әр елдің 19 дәріге-рі өзара Семей жеріне, Қазақстанға бару, веложарыс ұйымдастыру туралы игі келісімге келген. Енді, міне, олар ойларының сәтті жүзеге асып жатқанына аса қуанышты.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар