Ауылдан ұшқан түлектер ұясын жатыр көркейтіп

(Дауыстар: 1)
Ауылдан ұшқан түлектер ұясын жатыр көркейтіп


Топқайың орта мектебін бітірген түлектер облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында өздері оқыған білім ордаларына үлкен үлес қосып келеді.

Расында да, осынау маңызы ерекше акцияның шапағатымен көптеген түлектеріміздің туған жерін естен шығармай, алтын ұясы мен ұстаздар еңбегін бағалап, мектеп бітіргендеріне 20, 30, тіпті, 40 жыл өтсе де, жәрдем беріп келе жатқаны кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.

Жалпы, мектепте бюджет арқылы мультимедиялық және биология, химия, информатика, сондай-ақ, шағын балабақшаға арналған кабинеттер жасақталған. Материалдық базаны осылайша нығайту оқу-тәр-бие жұмысының сапасын арттыруға зор ықпалын тигізуде. Біздің мек-тепті 1968 жылдан бері 1038 түлек бітірді. Соның 381-і жоғары, 309-ы орта арнаулы білім алып, өз кәсіптерімен айналысып жүр. Соңғы жылдары кәсіпкерлеріміз Темірбек, Қажыбек және Болатбек Исабаевтар, М.Хамзин тарих, Марат және Гауһар Қырықпаевтар орыс тілі мен алғаш-қы әскери дайындық, Бейбіт, Гүлжан және Қайырхан Ахмадиевтар математика, ал А.Уалханов пен Кәмел-хан, Альмира Құдабаевтар бастауыш сынып, Г.Түсіпбекова мен Тұрсынғали және Жұмағали Жұртпаевтар информатика кабинеттерін жаңа жиһаз-бен, қабырғалық көрнекіліктермен жабдықтаса, Е.Сәбитов 150 мың теңгенің спорт құралдары мен торларын алуға көмектесті. Сонымен қатар М.Хамзин өткен оқу жылында үздік оқитын балаларға 150 мың теңгенің стипендиясын тағайында-ды. Негізінен, мұндай көмек жасап жатқан түлектеріміз өте көп.

Мектебіміздегі педагогикалық ұжым өз түлектерімен үнемі байланыста болып, кездесулер өткізіп, тарихи фото-альбомдарды жаңар-
тып отырады. Соның нәтижесінде жыл сайын білім сапасы да жоғары-лап, оқушылардың мектебіне деген сүйіспеншілігі, ұстаздарға деген құрметі артуда. Дәл осы сөзіміз-дің айғағындай, әр жылғы ҰБТ-да оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетуде. Соңғы үш жылдағы көр-сеткіштің ортақ балы 75 болуын да сондай игіліктермен сабақтастыруға болатындай. Қазір біздің білім ордамызды тәмамдаған 57 түлек аудан мектептерінде мұғалімдік етуде. Атап айтқанда, біз К.Бекпауова, Б.Кәдірбаева, А.Сәкенова, А.Сар-басов, Д.Мажинов, А.Қайдаров сынды және басқа да түлектерімізді ерекше мақтан тұтамыз.

Ал әрбір жаңа оқу жылы қар-саңында өтетін «Мектепке жол» акциясы бойынша аз қамтылған отбасының балаларына А.Болаева, Н.Ибраев, К.Нұрсалқанова сынды кәсіпкерлер, ата-аналар комитеті-нің төрайымы К.Асқабылова және ұстаздар ұжымы демеушілік көрсе-тіп келеді. Осы орайда жақсылыққа талпынып, жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан әрбір азамат – Қазақстанның болашағы, ал өзі білім алған мектеп туған ауылының көркі деп түсінген демеуші түлек-терімізге қашанда алғысымыз шек-сіз екенін айтқымыз келеді. Оларға әрдайым шығармашылық табыс пен жемісті еңбек тілейміз.

Бердібек Зақаиров,
Топқайың орта мектебінің директоры

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар