Шығыста «Ақбұлаққа» үлкен үміт артылып отыр

(Дауыстар: 1)
Шығыста «Ақбұлаққа» үлкен үміт артылып отыр


Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен селекторлық режимдегі кеңейтілген әкімдік мәжілісі болып өтті. Жиында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы және жолаушыларды тасымалдаудың жай-күйі, сонымен қатар, өзге де өзекті мәселелер талқыға салынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев баяндамасында 2011-2013
жылдар аралығында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлығы 20 миллион теңге қаржының игерілгенін жеткізді. Осы кезең ішінде өңірдегі 55 елді мекенде 685 шақырым су құбыры төселіпті. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде шамамен 32 мың тұрғын таза ауызсумен қамтылған. Жалпы облыстағы халықтың 96,6 пайызы орталықтандырылған су желілерін пайдаланады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. 2020 жылға дейін ауылдық жерлердің сумен қамтылу деңгейін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кезде өңір елді мекендерінің 65 пайызы таза сумен қамтылған. Бұл іске кедергі келтіріп отырған басты мәселе жобаларда болып отыр, атап айтсақ, олардың сапасы нашар және жобалық-сметалық құжаттардың әзірлену қарқыны баяу.
Бүгінгі таңда облыста 24 сумен қамту нысаны салынып жатыр. Өкінішке қарай, Риддер қаласында, Аягөз, Бесқарағай (Өндіріс ауылы) аудандарында жұмыс сылбыр жүруде. Аймақ басшысы аталмыш қалааудандар басшыларына мәселені жіті бақылауға алуды тапсырды. Мұнымен қоса, бұрынғы «Ауызсу» бағдарламасының аяқсыз қалған 8 жобасы бар, олар бойынша қазір жұмыстар, сот процестері жүргізілуде. Бағдарламаны іске асыру барысында өрескел олқылықтарға жол берілген. Мәселен, Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылында су ұңғымасын бұрғылау барысында жұмысшылар жалпақ тасқа тірелген. Бұл ретте тапсырыс берушінің, яғни,
тиісті бақылау жүргізбеген аудандық әкімдік мамандарының да қателіктері жоқ емес. Сонымен қатар, әрине, жобалау кезінде барлау жұмыстарына мамандар салғырттық танытқан. Риддер қаласындағы жерасты суларының мөлшері мен сапасы да алаңдатушылық туғызады, ал санитарлық-эпидемиологиялық станса қызметкерлері Курчатов қаласында, Ұлан ауданындағы
Шымқора, Новоазово ауылдарында көктемгі тасқын кезінде ауызсу сапасының едәуір төмендейтінін байқаған. Бұл да істі бастамас бұрын, жобалау жұмыстарының сапасыз, немқұрайды жасалғанына айғақ.

Бұған қоса, бағдарлама аясында салынып, іске қосылған, бірақ қағазбастылық кесірінен әлі күнге дейін мемлекеттік комиссия арқылы қабылданбаған нысандар да бар облыста. Қазіргі кезде облыстық әкімдік тарапынан жасалған 2020 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 200-ден астам ауылды ауызсумен қамту көзделген, ол үшін жылына кем дегенде 45-50 жобаны
жүзеге асыру қажет. Бүгінде Шығыс Қазақстанда тұрғындарының саны 1500-ден аз 250-дей ауыл бар. Басқарма басшысының пікірінше, мұндай елді мекендерді тек ортақ су құдықтарымен қамтыған жеткілікті. Істеп тұрған ауызсу желілерінің апаттылығы да алаңдаушылық туғызады. Алайда, 2012 жылы 2000 апат тіркелсе, былтыр олардың саны 1500-ге дейін азайған. Апаттар саны
жағынан Риддер қаласы мен Бесқарағай ауданы «көш бастап» тұр. Ауызсуды үнемдеу мақсатында есептеу құралдарын орнатуды қолға алған жөн. Қазіргі кезде облыстағы су тұтынушылардың 87 пайызы есептегіш құралдарын қолданады. Еліміз бойынша бұл да жоғары көрсеткіш, дей тұрғанмен, бұл бағытта да біраз іс атқару қажет. Атап айтқанда, Катонқарағай мен Абай аудандарында тұтынушылардың есептеу құралдарымен қамтылу деңгейі төмен.

– Аталмыш бағдарлама аясында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге аз қаржы бөлінген жоқ. Бірақ сол құжаттардың біразы әлі
дайындалу үстіне. Бұған кім жауапты? «Олар бойынша сот процестері жүріп жатыр» дейсіздер, қашанға дейін созылмақ бұл істер? Аталмыш келеңсіздіктер ең алдымен тиісті бақылаудың жоқтығынан орын алып отыр. Салада тәртіп жоқ. «Жұмыс жүріп жатыр» деген жаттанды тіркесті қайталаумен келесіздер. Бізге нақты нәтиже керек, – деді облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жоғарыдағы
мәселелерге қатысты.
Бағдарлама бойынша бөлінген қаржының игерілу қарқыны да көңіл көншітпейді. Жиын кезінде аймақ басшысы Бесқарағай, Аягөз, Бородулиха, Көкпекті аудандарының, Риддер қаласының әкімдерімен селекторлық байланыс арқылы тілдесіп, оларға істі ширатуды қатаң тапсырды.

Жолаушыларды рұқсатсыз тасымалдау тыйылмай тұр


Мәжілісте жолаушы тасымалдау саласының бүгінгі жай-күйі қарастырылды. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары
Облыс әкімдігінің мәжілісі Облыс тұрғындары «Ақбұлаққа» үлкен үміт артып отыр Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен селекторлық режимдегі кеңейтілген әкімдік мәжілісі болып өтті. Жиында 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы және жолаушыларды тасымалдаудың жай-күйі, сонымен қатар, өзге де өзекті мәселелер талқыға салынды. басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, өңірімізде жолаушы автокөліктері 330-дан
астам бағытта қатынайды. Олардың ішінде Қытай мен Ресейге баратын халықаралық маршруттар да бар.

Жуырда тұрғындардың сұранысы бойынша Курчатов-Семей-Астана бағытында да автобус жүре бастады. Жалпы, өткен жылы ресми
тасымалдаушылардың жолаушылар саны 6 пайызға өсіп, бір миллионнан асты. Соңғы кездері электронды билет сату жүйесі енгізілуде. Мұнымен қоса, автобустар біртіңдеп GPS-навигация жүйесіне қосылып жатыр. Басқарма басшысы жиын барысында
қала-аудан әкімдеріне осы бір технологияны көптеп енгізуге ұсыныс жасады. Өкінішке қарай, аудан орталықтары мен ауылдар арасындағы жолаушылар көлігінің қатынасы күрделі болып тұр. Сондай-ақ, жол бойларындағы, елді мекендердегі аялдама бекеттерінің дені талапқа сай емес. Заңсыз жолаушы тасымалдаушылар мәселесі де шешімін таппай келеді. Олардың кесірінен
ресми тасымалдаушылар шығынға батып, зардап шегуде. Басқарма мамандарының мәліметінше, облыс ішіндегі жолаушылар тасымалының 40 пайызын қазір сол рұқсат қағазы жоқ тасымалдаушылар атқарып жүр. Олар салық төлемейді, егер төлесе
табысын азайтып көрсетуге тырысады. Осының салдарынан облыс қазынасы жылына шамамен 200 миллион теңгенің салығынан қағылуда. Әуе қатынасы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатыр. Өскеменнен берісі Семей мен Зайсанға, Астана мен Алматыға, арысы Мәскеу мен Түркияның Анталия шаһарына қатынауға болады. Жуырда Зайсан әуежайына жөндеу жүргізілді, осы және Үржардағы әуе айлақтарына заманға сай навигациялық құрал-жабдықтар орнатылды. Алдағы уақытта Үлкен Нарын
ауылында әуежай салынбақ, қазір оның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалу үстінде, қараша айында аяқталуы тиіс.
Облыстағы теміржолдар бойында 25 вокзал жұмыс істейді, биыл Лениногор, Ақтоғай және Шар вокзалдарына жөндеу жүргізілді. Жыл соңына таман, яғни, төртінші тоқсанда Өскемен мен Астана және Өскемен мен Алматы бағыттарында «Тальго» жүрдек пойыздары қатынай бастайды. Облыс орталығынан Риддер мен Зырян қалаларына демалыс күндері жолаушылар пойызы жүреді.

– Жалпы соңғы жылдары өңірдегі жолаушылар тасымалдау саласы біршама жақсара түсті. Дей тұрғанмен, бұл жұмыс әлі жеткіліксіз. Аймақаралық ынтымақтастық тұрғысында Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарына қосымша автокөлік рейстерін ашу туралы, сонымен қатар, көршілес Қытайдың Үрімші, Моңғолияның Баян-Өлгей қалаларына әуе рейстерін ашу жөнінде тапсырма бергенмін. Бірақ атқарылған істі, нәтижені көріп отырған жоқпын. Мүмкіндіктер бар ғой, соларды пайдалануымыз қажет. Аудан әкімдеріне тұрғындарға қажет деген ауыларалық маршруттарды жандандырған абзал. Одан соң автокөліктердің техникалық жағдайы да талаптарға сай болуы тиіс. Тарифтерді көтермес бұрын тасымалдаушы ұйыммен жеңілдіктер бойынша келісімдер жасасу керек. Билет құнының қымбаттауы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тұрғындардың қалтасына батпауы қажет. Су көлігінің қазіргі жағдайы нашар. Ертіс өзенімен паромдар ғана жүзіп жатыр, жаз мезгілінде шағын кемелерді де қолдануға болады. Осы
мәселе бойынша да атқаратын шаруалар жетерлік, – деп түйіндеді өз ойын аймақ басшысы.

Зәкірлік жобалар жоспардан неге кешігуде?


Моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалу барысын облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская баяндады. Оның айтуынша, Риддердегі қолданыстағы кәсіпорын базасында құрылыс материалдары дайындалуда. Зырян қаласында жоспарланған үш бірдей зәкірлік жобаның екеуі кестеге сай іске асырылып жатса, бір жобаға инвестор табылмай отыр. Серебрянка қаласындағы бейорганикалық өндірістер зауытының базасына жоспарланған жоба биыл бітуі тиіс болғанымен, зауыттың қарызға белшеден батуына байланысты жұмысын тоқтатып, банкрот деп танылды. Үкімет қаулысымен аталмыш кәсіпорынға стратегиялық нысан мәртебесі берілгеннен кейін инвестор ретінде
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы бекітілген. Осылайша жобаның жүзеге асу мерзімі 2017 жылға шегерілген. Ал Курчатовтағы радиоактивті қалдықтарды өңдеу орталығын құру жобасы Индустрияландыру және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан түзетулерге ұшырауына байланысты қаржы көзі қайта қарастырылуда. Аталмыш шаһарлардың аумағында пайдалы
қазбалар қорын іздестіру жұмысына да биыл қомақты қаржы бөлінген. Әсіресе, Зырян қаласының аумағында бұл тұрғыда қызу жұмыс жүргізілуде.

Қаланың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты жобаларды субсидиялау мүмкін болуының арқасында олардың саны 20-ға жетіп отыр. Соған қарамастан Курчатов қаласы бұл бағытта бірде-бір жоба ұсынбаған. Елена Ясинская шағын қалалардың бас жоспарлары қайта жасалып жатқанын да атап өтті. Жалпы, жыл басынан бері шағын шаһарларды дамытуға республикалық бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлініпті. Әзірге соның 1,7 млрд. теңгесі игерілген. Моноқалаларды түзуші кәсіпорындардың өндіріс көлемін азайтуына байланысты жергілікті бюджеті түсімі де азайған. Бұл мәселе әсіресе, Риддер қаласына айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Қала әкімі Жомарт Мұратов жоспарланған жобалардың барлығы іске қосылған күннің өзінде «Қазцинк» ЖШС-нен келетін кірісті жабу әзірге мүмкін болмай тұрғанын айтты. Бұл қалалардың барлығында белсенді шағын және орта бизнес
нысандарының саны жыл аяғына дейін екі есеге артуы тиіс болған. Ол үшін шағын несие түрінде тиісті қаражат та бөлінген. Алайда, төрт шаһардың да қазіргі жағдайы бұл межеге жетуге қауқарсыз екенін көрсетіп отыр. Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жыл аяғында моноқалаларға бөлінген қаржының есебі жүргізілетінін ескертіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Жиын-терінге тас түйін
дайынбыз Егін жинауға дайындық барысы туралы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов есеп берді. Биыл облыс бойынша бір млн. 136 мың гектар жерге дақыл егілген. Жанармай жеткілікті мөлшерде әрі кестеге сай беріліп отырғанымен, көктемгі егін егу науқаны үшін төленетін субсидия кешігуде. Оған Үкіметтің тиісті қаулысы кеш шығуы себепкер болған. Дегенмен, басқарма басшысы барлық диқанға тамыз айының соңына дейін тиесілі субсидияларын төлеп беруге күш салатынын айтты. Орылған егінді сақтайтын қоймалар мен алаңқайлар да науқанға сақадай сай көрінеді. Бүгінде облыс аумағында 11 мың комбайн егін орағына жұмылдырылған. Бұл әр комбайнға 320 гектар алқаптан келеді деген сөз. Облыстағы 10 элеваторда 570 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік бар. Барлық шаруашылықтардың қолындағы техника тәулігіне 36 мың тонна астықты кептіруге қауқарлы. Бородулиха, Глубокое, Шемонайха, Зырян сияқты аграрлық аудандар өткен жылғыдан кем түсім алмайды деп күтілуде. Барлық аудан әкімдерінен қысқы мал азығын қамдау ісіне көңіл бөлуді өтінген Дүйсембай Селиханов облыс басшысына бітік шыққан астықтың сыртқы нарыққа, әсіресе, көршілес елдерге жаппай сатылып кету қаупі бар екенін жеткізді. Облыс басшысы бұл ескертудің жаны бар екенін атап, жергілікті әкімдерге диқандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

– Басқарма бастығының сөзінен ұққандарыңыздай, жиын-терін науқанын шығынсыз атқаруға барлық жағдай жасалып отыр. Ендігі мәселе алынған астықты лайықты бағаға сатып, облысты азықпен қамту болып отыр. Бұл тұрғыда ауылдық округ әкімдері халықпен жұмыс істеу керек. Шаруаларға қазір астықты арзанға сату өздеріне зиян екенін түсіндіру керек. Көрші елдердегі жағдайды
білесіздер. Ертең өзіміз азықсыз қалмауымыз керек. Сондықтан сыртқа астық сатпауды қатаң тапсырамын. Бұл мәселені шекарашыларға да ескертеміз, – деді облыс әкімі.

Бағаны өсіргендер жауап береді


Аймақ басшысы жиынтерін науқанының басталғанына қарамастан, облыс бойынша азық-түліктің бағасы қымбаттағанына
алаңдаушылық білдірді. Әсіресе, Өскемен, Семей, Курчатов қалалары мен Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Жарма аудандарында қымбатшылық өршіп тұр. Бағаның халық қалтасын қағуына неліктен жол берілгенін облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек
Шерубаев түсіндірді. Оның айтуынша, алыпсатарлардың бағаны өз бетінше жіберуіне жергілікті әкімдер кедергі бола алмаған. Мәселен, Күршім ауданы мен Өскемен қаласының арасында облыс орталығын арзан қиярмен қамтамасыз ету жөнінде келісім
жасалған. Алайда, «Дина» толайым сауда базары Күршімнің қиярын тұтастай сатып алып, бағаны қымбат күйінде ұстап келеді. Осындай жағдайлар орын алмас үшін барлық аудан, қала әкімдеріне жергілікті тауар өндірушілермен меморандумдарға отыру тапсырылды.

– Қазір азық-түлік бағасының түсетін кезеңі. Ал бізде мұндай өзгеріс байқалмайды. Барлық әкімдер өздеріндегі сауда орындарымен, өндірушілермен меморандумға отырсын. Дүйсенбіден бастап негізсіз көтерілген баға қалпына келтірілсін. Бұдан кейін
бағаның негізсіз шарықтауына жол берген әкімдер жауапкершілікке тартылатынын ескертемін, – деген облыс басшысы өткен жеті айдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне көңіл толмайтынын айтты. Бұдан кейін облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Светлана Ферхо, Татьяна Яковлева, Николай Кузьминмен кездесті. Өңір басшысы депутаттарға облыстың тыныс- тіршілігі жайында баяндап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде ақпарат берді. Депутаттар да
облыстың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді.


Ержан Әбіш,
Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар