Курчатовта ашық аспан астындағы мұражай пайда болмақ

(Дауыстар: 1)
Курчатовта ашық аспан астындағы мұражай пайда болмақ


Келер жылы Курчатовта ашық аспан астындағы мұражай пайда болмақ. Аталмыш мәдени нысанның алғашқы құнды жәдігері деп
өмірін Семей ядролық полигонымен байланыстырған адамдарға арналған естелік белгісін айтуға болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Курчатовта осындай мұражай ашу туралы ұсыныс Өскемен қаласында өткен жерлестер форумында айтылған болатын. Көп ұзамай «Рос-Атом» компаниясы арнайы естелік тасын әзірлеп шығарыпты.

– Бұл ауқымды жобаның алғашқы тасы болды деуге толық негіз бар. Естелік белгінің айналасы иен жатыр, сондықтан алдағы уақытта
бұл жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруды ұйғардық. Қаламыздың бір тұрғынында полигонда қолданылған техниканың нұсқалары сақталыпты. Осы дүниелер арқылы мұражайды жәдігерлерге толтыратын боламыз, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Наталья Котова.

Оның үстіне, мұражайдың қақ ортасында сынақтардан қалған ұңғыманың макеті пайда болмақ екен. Бұл жерде тарихи құжаттар
мен фотосуреттер, әскери техника көрмелері жайғасады. Аталмыш мұражай жергілікті халыққа ғана емес, сонымен қатар, туристерге де аса қызықты болары сөзсіз. Өскеменде өткен жерлестер форумында Новосібір қаласында тұратын тегі шығысқазақстандық бір топ азамат Курчатовта Абайға ескерткіш орнатып, айналасын абаттандыру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Қазір сәулетшілер хакімнің кеуде мүсінін жасауға кірісіп те кетіпті. Ал жергілікті билік тарапынан болашақ ескерткіш орнатылатын жерді абаттандырып, айналасын саябаққа айналдыру жұмыстары қолға алынған екен.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар