Шығыста Зеңгі баба тұқымы көбейіп келеді

(Дауыстар: 1)
Шығыста Зеңгі баба тұқымы көбейіп келеді


Қазақтың ақ бас сиырының қадірін жақсы білетін «Лазарев» шаруа қожалығы барған сайын Зеңгі баба тұқымын арттырып келеді. Биыл қожалық қазақтың асыл тұқымды төлін қазақи дәстүрмен бағуда. Бас зоотехник Андрей Силенко қолда бар сиырдың барлығы жайлауда жүргенін айтады.

– Қазір шетелден асыл тұқымды мал әкелушілер көп. Олар малды Еуропадағыдай қысы-жазы бордақылау алаңында ұстауға машықтанып барады. Біздің жағдайды Батыспен салыстыруға келмейді. Олардағыдай жер тапшылығы бізде жоқ. Ал қазақтың ақ бас сиыры мейлінше кеңдікте бағылғаны абзал. Сондықтан біз оларды жаз жайлауда бағамыз, – дейді ол.

Жаңа Шүлбі ауылындағы қоражайдан 22 бас өгізді ғана көрдік. Бұл өгіздер жуықта Қарауылда өтетін жәрмеңкеге арнайы бордақыланып жатса керек.

– Қарауыл жәрмеңкесіне үлкен дайындықпен бару жүктеліп отыр. Өйткені, былтырғы жәрмеңке біз үшін айтарлықтай табысты болды. Қарауылға барғанымыздың арқасында өзге облыстармен байланыс орнап, бізден тұқымдық мал алушылар көбейді. Былтырғы
жәрмеңкенің жаңғырығы Қазақстан нарығында әлі де ұмытылмаса керек, жуықта ғана Ақмола облысынан тапсырыс алдық. Биылғы
жәрмеңкеге осындағы 22 өгіздің ішінен таңдаулыларды ғана апарамыз. Жәрмеңкеге келушілердің назарын аударудың қамын осы кезден ойластыруымыздың мәні осында, – дейді Андрей Силенко.

Қазақ жерінде шетелдің атышулы тұқымдарын өсіргеннен жергілікті төлдерге басымдық беру әлдеқайда тиімді екенін үнемі айтып
жүретін зоотехник биыл Солтүстік Қазақстанның алабота тұқымын жерсіндіруді қолға алып отыр. Қытымыр климатқа көнбістігі жөнінен ақ бас сиырдан кем түспейтін бұл тұқым ет жинау жылдамдығы бойынша да 18 айда 400 келі салмақ қосатын қазақтың ақ бас сиырынан қалыспайтын көрінеді. Тәжірибесі мол Андрей Силенко ақ бас сиырдай аязға төзімді төл көрмегенін айтады. Қақаған қарлы боранда шарана жарған бұзауы сол мезетте-ақ аяқтанып кеткенін талай рет көзімен көріпті. Ауылдан 50 шақырым жердегі жайлауда сиыр бағып жүрген малшылардың еңбегі өлшеусіз екенін айтады. Жайлауға айдалған малдың шашаусыз оралуына жауапты Берік Ахметов, Олег Мусин, Сәбет Баданов сынды бақташылар бүгінде қожалықтың сыйлы мамандары саналады. Мұнда сиырдан бөлек 60 бас қылқұйрық та өсіріледі. Олардың арасында қостанайлық таза қанды қазақ жылқылары да бар. Егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып отырған шаруа қожалықтың биылғы жазда бірталай өнімін бұршақ ысырап қылып кетіпті. Бас агроном Сергей Левченко алты мың гектар жерге сан алуан дақыл еккеннің пайдасы осындай тұрақсыз ауа райы кезінде септігін тигізетінін айтады. Арпа, сұлы, жарма, күнбағыс, қара бидай, бидайдан бөлек 160 гектар алқапқа көпжылдық судан шөбін де өсірген екен. Астық оруға иеліктегі 10 комбайнның жетеуі кірісіп кеткен. Агроном әсіресе, «Есіл-740»
және «Есіл-760» комбайндарының мүмкіндіктеріне тәнті. Бұл қожалық омарта шаруашылығына да көңіл бөліп келеді. Омарташы Сергей Степоненконың қарауында 100 ұя ара бар. Шаруашылығын жан-жақты шалқытып отырған қожалық барлық салада жергілікті тұқым мен дәстүрлі технологияға басымдық беріп келеді. Өздері бүгінге дейін көштен қалмай, алдыңғы қатарда жүрулерінің құпиясы осында деп есептейді.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар