Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде ғылыми жобаларды іске асырушы компанияларды сынға алды

(Дауыстар: 1)
Инновация және жаңа технологиялар бойынша кеңестің кезекті мәжілісінде облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ өңірде ғылыми жобаларды іске асыруға қатысып жатқан компаниялардың атына сын айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш кеңестің кезекті отырысы инновациялық технологияларды қолдаумен шұғылданып жүрген ұйымдар өкілдері мен кәсіпкерлер арасындағы кезекті сұхбат алаңы болғаны анық. Алайда, аймақ басшысы атап көрсеткендей, облыс орталығындағы «Алтай» технопаркінің, конструкторлық бюроның, металлургия орталығының бүгінгі таңдағы жұмысына шын мәнінде көңіл толмайды.

– «Алтай» технопаркінің жұмысына келер болсақ, оны негізгі мақсатқа пайдалана алмай отырмыз. Әлі балансқа алынбаған,
құрылтайшыларының үлесі анықталмаған. Шынын айтқанда, қазір технопарк ғылыми жобалармен айналыспайды, түрлі кездесулер,
конференциялар, тұсаукесерлер өткізуден әріге аса алмай отыр. Ғылыми жобаларды іске асырудағы нәтиже жоқтың қасы. Сондықтан, бұл мәселені Үкіметтің алдына қоя отырып, бір жақты ететін уақыт әлдеқашан жетті, – деді облыс әкімі. Мәселен, жаңа технологияларды дамыту бағытында жұмыс істеп жатқан ұйымдар Шығыс Қазақстаннан ұсынылған жобалармен жұмысты сылбыр жүргізуде. Оған нақты дәйек ретінде «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-нің жұмысын келтіруге болады. Компания қызметі бағыттарының бірі – жобаларды жүзеге асыруға гранттарды ұсыну болып табылады. Солай бола тұра,
өңірден олардың орталығына келіп түскен 26 тапсырыстың бірде бірі қолдау таппаған. Оған қоса ескертулер мен мақұлданбау себебі де түсіндірілмей, кемшіліктерді түзетіп, екінші мәрте ұсынуға мүмкіндік те берілмеген. «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ-ның облыс кәсіпорындарымен жұмысы алдыңғыларына қарағанда сәл ілгерілеу деуге боларлық. Олар
елімізде 116 жобаға қолдау білдірсе, соның 11-і ғана Шығыс Қазақстаннан таңдалынған.

– Бұлай болу себебі, Қазақстанда әр облыстан қанша жоба қолданылуы керектігі туралы жасанды бөлініс жоқ. Айтылып отырған сын орынды. Ескертулерді алдағы уақытта назарға алатын боламыз, – дейді «GRDF Global» компаниясының коммерциялық технологиялар бойынша бас сарапшысы Эрик Азулей. Облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ сонымен қатар, кеңесте баяндама жасаған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Нұрлан Темірбековке инновациялық жобаларды коммерцияландырудың нәтижесі ғалымдар мен конструкторлық бюроның арасында қол жеткізілген әріптестік қарым-қатынасқа байланысты болатындығын да ескертті. Жобалар тығыз бірлескен жағдайда ғана нақты нәтижесін бере
алмақ. Бұлардан бөлек кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының немқұрайлылығы да қиындықтар туғызып отырған жайы бар. Мысалы, жоғарыда аталған техникалық университеттің профессоры А.Воробьевтің айтуынша, жануарлар мен құстарға арналған белсенді биологиялық азықтық қоспаларды дайындау бойынша жобаны іске асыруға қажетті қондырғылардың жоқтығы басты кедергі болуда. Оны сатып алғанша, коммерциялық қадамдар туралы сөз қозғаудың өзі артық екені белгілі. Кеңеске Алматы қаласынан келіп
қатысқан «Tenre-Airlife» компаниясы «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ-мен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Бұл кәсіпорын ауаны тазалау мен залалсыздандырудың инновациялық жүйесін шығарумен шұғылданады. Олардың қондырғыларын бүгінде Астана қаласының бірқатар зертханалары қолданып отыр. Ал мемлекеттік тапсырыс аясында Алматы қаласының 22 балабақшасы компанияның қондырғыларымен жабдықталған екен. Компанияның бас директоры Владимир Талановтың айтуынша, нәтиже жаман емес. Жаңа қондырғылардың арқасында ауа арқылы таралатын инфекциялық аурулар саны күрт азайған. Сондай-ақ, ол бұл реттегі тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді. Инновация және жаңа технологиялар бойынша кеңестің жұмысын қорытындылаған облыс әкімі өңірде инновациялық дамуды алға жылжытумен айналысып жүрген барлық институттардың жеке-жеке нақты нәтиже бойынша есебін тыңдауға мүмкіндіктер беретін семинарлар ұйымдастыру қажеттілігін, олардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану керектігін атады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар