Шығыста қандай халықаралық шаралар өтеді?

(Дауыстар: 1)
Шығыста қандай халықаралық шаралар өтеді?


Кеше Өскеменде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі болып өтті. Жиында облыс әкімінің бастамасымен осы жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстанда ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, оларға әзірлік барысы жайында айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскеменде алдағы уақытта бірқатар халықаралық дәрежедегі ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. Брифингке талдау және болжау институтының директоры, облыстық азаматтық альянстың жетекшісі Олег Чернышов, облыстық марал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Нұрлан Тоқтаров және облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков қатысып, жоғарыда аталған шаралар жөнінде кеңінен мәлімет берді.

Атап айтсақ, кеше ғана Абай ауданында республикалық «Шыңғыстау-2014» жәрмеңкесі өтті, енді 28-тамыз-да 5-ші халықаралық бал фестивалін, 30-тамызда 6-шы бүкіләлемдік марал өсірушілер конгресін, 14 қыркүйекте бауырлас қалалар фестивалін, сол күн-дері «Тур де Өскемен» веложарысын, 25-26-қыркүйек аралығында халық-аралық «Ұлы дала сазы» фестивалін, 4-желтоқсанда «Құрманғазы» атын-дағы республикалық орындаушылар байқауын, жыл соңында «Алтын Алтай» республикалық музыка фести-валін өткізу жоспарланып отыр.

Нұрлан Тоқтаровтың айтуынша, бал фестивалі осы жылы бесінші рет өткізілмек. Оған жақын және алыс шет елдерден мамандар келіп, өзара тәжірибе алмасады. Облыс қазынасынан омарта шаруашылығымен айналысушыларға қомақты субсидия бөлінуде. Соның арқасында өнім өндіру көлемі артып отыр. Ал төрт жылда бір рет болатын маралшылар конгресіне Жаңа Зеландия, Австралия, Канада, Швеция елдерінен сала мамандары жиналып, біздің тәжірибемізді үйренбек.

«Тур де Өскемен» веложарысы биыл алғашқы рет өткізілмек. Оның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және дарынды спортшыларды анықтау. Сайысқа еліміздің, сонымен қатар, Ресейдің, Өзбекстанның, Белоруссияның, Моңғолияның кәсіп-қой шабандоздары қатысуы тиіс. Бүгін-ге дейін Риддер қаласынан Өскемен-ге дейінгі 110 шақырымды қамтитын екікүндік жарыс жобасы дайындалған.

Облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков бауырлас қалалар фестиваліне Бурса (Түркия), Шәуешек (Қытай) және Барнаул (Ресей) шаһарларынан өнер ұжымдары келетінін жеткізді. Ал «Алтын Алтай» ән фестиваліне Бибігүл Төлегенова,
Майра Ілиясова, Секен Тұрысбеков, Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер сынды танымал жүлдыздар қатысады деп күтілуде. Іс-шараны ұйымдастыру-ға «Қазцинк» кәсіпорны қаржы бөліп отыр. «Ұлы дала сазы» фестивалі ұлтымыздың дәстүрлі әуендерін, күйлері мен эпостық жырларын жан-жақты насихаттауды мақсат тұтады. «Құрманғазы» байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған елуден астам жас өнерпаз қатысып, ұлы сазгердің 25 күйін, өзге де заманауи және классик композиторлардың
туындыларын орындайтын болады.

Бұл айтылған ауқымды іс-шаралар жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға, өңірдің туристік әлеуетін паш етуге және эконо-микамызға шетел инвестициясын тартуға мүмкіндік туғызбақ. Брифинг барысында қатысушылар жергілікті және басқа өңірлердің журналистері қойған сұрақтарға жауап берді.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар