Өскеменде жазғы салалық спартакиада жалауын көтерді

(Дауыстар: 1)
Өскеменде жазғы салалық спартакиада жалауын көтерді


Кеше Өскемендегі Жекпе-жек сарайында президенттік көпсайыс бойынша еліміздің Ішкі істер министрлігі чемпионатының және «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының үшінші жазғы салалық спартакиадасы жалауын көтерді. Төрт күнге созылатын республикалық жарыстың ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бүгін ерекше бір іс-шараның куәсі болып отырмыз. Себебі, бұған дейін Өскемен қаласында дәл осындай салалық спартакиада өткізіліп көрмепті. Бұл да облыс басшылығы тарапынан аймағымызда салауатты өмір салтының насихатталуына ерекше көңіл бөлініп келетіндігінің айғағы болса керек. Қазір өңіріміздің барлық елді мекенінде түрлі спорттық нысандар ашылып, ел игілігіне тапсырылуда. Өскеменнің өзінде соңғы жылдары осы Жекпе-жек сарайы сияқты бірнеше спорттық нысан пайдалануға берілді. Жалпы, біз аймағымызда жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге қашан да әзірміз.

Облыс басшылығы атынан барлығыңызды спарта-киаданың ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер, – деді Ермек Көшербаев.
Бұл спартакиадаға 30-ға таяу команда қатысатынын айта кеткен жөн. Олардың ішінде еліміздің Ұлттық қауіпсіз-дік комитеті, Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі, ІІМ Ұлттық гвардиясы, Президенттік Күзет қызметі, Бас прокуратура мен республиканың барлық аймағынан келген құқық қорғау органдарының командалары бар. Спартакиада бағдарламасына ұрыс қаруынан ату, жүзу, жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру және граната лақтырудан сайыстар енгізілген екен. Жарыстар Жекпе-жек сарайы
мен Орталық бассейнде, сондай-ақ, 5518 әскери бөлімінің атыс алаңы мен олимпиадалық резерв мектебінің стадионында өткізілетін болады.

– Спартакиаданың Шығыс Қазақстан жерінде өткізілуі бекер емес. Себебі, соңғы жылдары облыстарыңызда көп-теген спорттық нысандар ашылғанын естіп жүрміз. Аймақ басшылығының бастамасымен Өскемен қаласында үлкен бассейн, Жекпе-жек сарайы мен Ольга Рыпакова атында-ғы жеңіл атлетика манежі сияқты нысандар пайдалануға беріліп, сол арқылы облыс орталығында спорттық клас-тер құруға тамаша жағдай жасалыныпты. Сегіз жыл бойы ұйымдастырылмай келген жарысты еліміздің Шығысында, Өскемен қаласында өткізуіміздің бірден-бір себебі де осы, – дейді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар