Хиросимада зардап шеккендердің күнделіктері Семейге әкелінеді

(Дауыстар: 1)
Хиросимада зардап шеккендердің күнделіктері Семейге әкелінеді


Семейліктер «Хиросима-Нагасаки жайлы естелік» деп аталатын Астанадан бастау алған көшпелі көрмеге тығыз дайындық үстінде. Көрме Қазақстанның бірнеше қалаларына көрсетілетін болады. Осыған орай күншығыс елінен Нагасаки ұлттық мемориалдық кешенінің директоры Масанобу Чита, жобалар менеджері Нагико Ёкояма және тағы басқалар бірнеше мәрте келіп, қажетті деректерді дайындады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Семей өңірі ұзақ жылдардан бері ядролық сынақтардан зардап шекті. Мұндай қасірет біздің де басымызда болды. 1945 жылы 6 және 9-тамызда Хиросима мен Нагасаки қалаларына бомба тасталды. Хиросимада 140 мың адам, Нагасакиде 70 мың адам бомба-
ның астында қалды. Нагасаки қаласының мэрі Томихиса Тауэ Жапония үкіметін әлемдегі ядролық қарусыздануға белсенді атсалысуға үндеп отыр. Ең ірі мемлекеттердің басшыларын да ядролық қарудан бас тартуға шақыруда. Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасын қолдаймыз. Енді ешқашанда Семей қасіреті, Нагасаки, Хиросима қайғысы қайталанбасын. Бәріміз бейбіт өмір үшін атсалысқанымыз жөн, – дейді Нагасаки университетінің вице-президенті, Семей қаласының Құрметті
азаматы Шуничи Ямасита.

Көшпелі көрмеге фотосуреттер, жарылыс кезінде түсіріліп қалған бейнедеректер қойылады. Тіпті, әуеден бомбаның қалай тасталған сәтін де көруге болады. Сонымен бірге, апаттан аман қалғандардың өз қолымен жазып кеткен күнделіктері жеткізілмек. Көрме барысында Хиросима-Нагасакидің көзі тірі куәгерлері де Семейге келіп, өздері көрген қасірет жайында әңгімелеп береді деп жоспарлануда. Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның айтуынша, бұл көрменің семейліктер үшін маңызы зор. Себебі, биыл «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының бастау алғанына – 25 жыл.

– Біз Жапон елінен келген қонақтарға дән ризамыз, – деді Зәуреш Рамазанқызы. – Көрме халықаралық қозғалыстың 25 жылдығына және 29 тамыз – халықаралық Ядролық қаруға қарсы күрес күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ол күні қалада халықаралық форум өтеді.
Көрменің барлық деректері әр елден, түрлі мемлекеттерден келетін қонақтардың назарына ұсынылатын болмақ. Тамыз айының 6-25-і аралығында Астанада басталған көрме өзге өңірлерде жалғасын табуда. 29-тамызда көшпелі көрме Семейдегі облыстық өлкетану мұражайында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары қыркүйектің 3-іне дейін тамашалай алатын болады. Ал қыркүйектің 10-ында көрме Алматыға жол тартады. Шетелдік қонақтардың пікірінше, осы көрме арқылы бүкіл әлемге атом
қаруының не екендігін, оның апатын, салдарын толық жеткізуге болады.

– Бұл көрменің маңызы зор. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ алғашқы тарихи Жарлықтарының бірімен Семей атом полигонының жабылғанына 22 жыл толып отыр, – дейді Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың директоры Ерлан Батырбеков. – 70 жыл бойы жарты әлемге үстемдігін жүргізіп келген алып империя әлі тарап үлгермеген кезде Елбасы тың шешім қабылдай білді.
Қуаты жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан елдің бұл бастамасы әлі күнге дейін жалғасуда. Полигон жабылған соң дағдарып қалған Курчатов қаласы бүгінде бейбіт мақсатта өсіп, өркендеп келеді. Жаңадан ашылған ғылыми орталықтар ел игілігіне еңбек етуде. Қазір мұнда Елбасының Жарлығымен ашылған Ұлттық ядролық орталық пен ядролық технологиялар паркі толық қуатында бейбіт мақсатта жұмыс істеп тұр.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар