Еңбек заңнамасын білу деңгейін көтереді

(Дауыстар: 1)
Еңбек заңнамасын білу деңгейін көтереді


Облыстық кәсіподақтар кеңесінде «Еңбек заңнама негіздерін білу деңгейін көтеру бойынша кешенді іс-шаралар өткізу, транспаренттік еңбек қатынасын қалыптастыру және еңбек дауларының алдын алу» жобасының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, биыл «Юрлик» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша өткізген байқауына қатысып, үлкен жобаны жеңіп алған болатын. «Еңбек заңнама негіздерін білу деңгейін көтеру бойынша кешенді іс-шаралар өткізу, транспаренттік еңбек қатынасын қалыптастыру және еңбек дауларының алдын алу» атты жобаның тұсаукесеріне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге кәсіпорындар мен мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының
жетекшілері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен ішкі саясат басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекцияларының қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы, «Юрлик» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н.Түсіпова сөз алып, жобаны іске асыру барысы жайында жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді. Нұржан Құрмантайқызының айтуынша, «Юрлик» қоғамдық бірлестігі еңбек заңнамасының негіздері бойынша семинарлар, тренингтер өткізіп, еңбек құқығы
саласынан тегін заңгерлік кеңестер бермек. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан тараптарға, жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге құқықтық білім алуды ұйымдастыру бойынша қолдау жасамақ. Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады.

Шілде-тамыз айларын қамтитын бірінші кезеңде брошюралар мен буклеттер әзірлеу, бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар беру, жобаның тұсаукесерін өткізу секілді шараларды іске асыру жоспарланса, тамыз, қыркүйек, қазан айларын қамтитын екінші кезеңде Ұлан, Глубокое аудандарында, Семей мен Өскемен қалаларының ірі кәсіпорындарында семинарлар ұйымдастыру, еңбек заңдылығы негіздері бойынша кеңестер беру секілді жұмыстар жоспарланып отыр

– Жалпы алғанда, еңбек құқығы негіздері мен еңбек дауларын шешу жолдарын оқып-үйренуге деген қызығушылық жоғары. Жылдың бірінші тоқсанында осы тақырып бойынша Көкпекті, Зайсан және Тарбағатай аудандарында 3 семинар өтті. Оған әр ауданда жүзден астам адам қатысты. Осы жылдың тамыз айының 13-інде мұндай семинар Ұлан ауданында да ұйымдастырылды. Семинарға білікті заңгерлер мен психологтар, социологтар мен конфликтологтар тартылды, – дейді Н. Түсіпова.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Касенова, облыстық тау-кен өнеркәсібі еңбеккерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Э.Столярова, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Айзенберг өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, еңбек заңнамасы бойынша Өскемен мен Семей қалаларында тегін кеңес беру желілері ұйымдастырылып, баспадан еңбек құқықтары туралы шағын кітапшалар да шығарылыпты.

Мейрамтай Иманғали

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар