Зырян ауруханасында "VIP" палата пайда болды

(Дауыстар: 1)
Зырян ауруханасында "VIP" палата пайда болды


Зырян аудандық ауруханасында күйік палатасы пайда болды. Қалалықтар оған «VIP» дәрежесін беріп те үлгерді: орынжайда жеке ванна бөлмесі және теледидар бар. Сонымен қатар, дәрігерлер басты назарды сыртқы жайлылыққа емес, функционалдыққа бөледі. Палатада аса ауыр науқастар үшін күйікке қарсы бірегей кереует орнатылған. Турасын айтқанда, бұл - жиһаз мүлкі емес, науқастың сауығуын жеделдетеуге қабілетті және аурухана қызметкерлеріне айтарлықтай көмектесетін тұтас медициналық кешен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Күйік палатасы – зыряндықтарға жасаған «Қазцинк» ЖШС-нің сыйлығы. Атап айтсақ, мұнда көршілес Катонқарағай ауданының тұрғындары да емделе алады. Зырян жарақат бөлімі бүгінде бірден екі өңірге қызмет көрсетеді.
– Тұрмыстық жарақат алған өз қыз-меткерлерімізден аудандық ауруханада қатты күйіктері бар науқастарға қызмет көрсететін заманауи құрал-жабдықтардың жоғын білдік, – дейді «Қазцинк» ЖШС әлеуметтік қолдау қызметінің басшысы Надежда Козинец. – Мұнымен қоса, медиктердің статистикасы бойынша жылына мұндай науқастар шамамен 70 адам болады. Олардың өмірлері мен еңбекке қабілеттіліктерін сақтау үшін жедел жәрдем көрсету өте маңызды. Бірақ заманауи құрал-жабдықтарсыз мұны істеу қиын. Біз медиктермен кеңесіп, «Қазцинк» басшылығы аурухана үшін күйік палатасын жарақтау шеші-мін қабылдады. Жөндеуге және құрылғыны алуға шамамен 27 миллион теңге жұмсалды. Мұндай палатаны біз Риддердегі ауруханада да ашамыз.

– Бөлек күйік палатасы – біздің бұрынғы арманымыз, – дейді Зырян травматология бө-лімінің меңгерушісі Әділ Тоқсанбаев. – Күйігі бар науқастар аз түспейді, әсіресе, адамдар пеш жылытуды пайдалана бастаған маусым-аралық кезеңде. Сонымен қатар, электрмен жұмыс істегенде жарақаттар болады. Оларды емдеу қиын, себебі науқас үшін белгілі бір жағдайлар жасау қажет. Оларды басқа науқастардан оқшаулау, сонымен бірге, ин-фекция түсу тәуекелін азайту керек. Жаңа құрал-жабдықпен бұл мүмкін болып отыр.

Жаңа палатаны жарақтамас бұрын, оған күрделі жөндеу жүргізілді. Ағаш еден заманауи кафельді плитаға ауыстырылды. Ескі есіктің орнына металл пластикті есік орнатылды. Ме-диктер жұмыстардың бәрі де өте ұқыпты және сапалы жасалғанын атайды. Зырян тау-кен байыту комбинаты күрделі құрылыс бөлімі басшысы Станислав Степановтың айтуынша, жөндеу кезінде барлық санитарлық талаптар еске-рілді. Әрлеу материалдары жеңіл жуылады.

«Қазцинк» палата үшін 2 медициналық кереует сатып алды: ортопедиялық және күйікке қарсы. Соңғысы бірден аурухана қызметкер-лері үшін мақтанышқа айналды. Дәрігерлер ол бір ғана өмірді сақтап қалмайтынына сенімді. Әділ Тоқсанбаевтың айтуынша, жапондық функционалды кереует бүкіл Шығыс Қазақстанда бар-жоғы бірнеше дана ғана.

Сырттай ол шағын қайыққа көбірек ұқ-сайды немесе үлкен ваннаға. Кереует ішінде керамикалық медициналық микрошариктер бар, олар үнемі қозғалып тұрады. Науқас суда тербеліп жатқандай болады. Кереует адамды қалқу жағдайында ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Осы кезде денеге қысым бірқалыпты түседі және айтарлықтай төмендейді, бұл тері қабаттары мен бұлшық еттердегі қан айналымы бұзылысынан құтылуға мүмкіндік береді. Қалқымалылығының арқасында жамбас ойылу мәселесі шешіледі.
Кереуеттің температурасын науқастың жағдайына байланысты реттеуге болады. Жоғары көтерілетін құрғақ жылы ауа науқас үшін жайлы жағдай туғызады, осы ретте тердің бөлінуімен пайда болатын терінің қабыну тәуекелі азаяды. Тіпті, орнатылған таразылары да бар, олар науқастың салмағын өлшеуге, яғни, сусыздану деңгейін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

– Нұсқаулыққа сәйкес кереуетті неврологияда, ортопедияда, нейрохирургияда және ревматологияда пайдалануға болады, – деп түсіндіреді травматология бөлімі аға медбикесінің міндетін атқарушы Елена Цин-дирк (суретте). – Оны басқару айтарлықтай жеңіл. Жинақтағыш науқастың барлық био-логиялық шығарындыларын сүзгіш жайма арқылы сіңіріп алды. Осы ретте иіс бейтараптанады, бактериялардың өсуі төмендейді. Бірақ, салмағының ауырлығына қарамастан, ол айтарлықтай ықшам, мобильді, дөңгелекте-
рі қарастырылған. Палатадағы екінші кереует – ортопедиялық. Сырт көзге ол қарапайымдау көрінеді, алайда оның да өз артықшылықтары бар. Ол науқастың денесін қажетті жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жарақаттанған науқасты фиксациялау үшін Беллер шинасын қосымша қолдану қажеттілігі жоғалды.

Палата, сонымен қатар, ауаны тазартып, залалсыздандыратын «Пеликан» жылжымалы қондырғысымен жабдықталған. Оның көмегімен жаралар өңделетін болады, құрғату және бактерицидтік эффектінің арқасында күйіктердің жандануы таңғышсыз жүретін болады.

– Қондырғыны палата ішінде қозғалтуға болады, бұл науқастың күйік шалған жерлеріне оны мазаламай әрекет етуге мүмкіндік береді, – дейді Елена Циндрик. – Сонымен қатар, палата үшін жаңа бактерицидті сәулелегіш-рециркулятор сатылып алынды. Ол палатаны экологиялық дезинфекциялау және ауасын залалсыздандыруға арналған. Артықшылығы сол, оны адамдар тұрған кезде де қосуға болады, ал кварцтау кезінде бұлай жасау мүмкін емес.

Палата, сонымен бірге, дәретханамен және ваннамен жабдықталған. Науқастарды жазғы маусымда да ыстық сумен қамту үшін бойлер орнатылған. Атап өтерлігі, палатада бәрі бүге-шігесіне дейін ойластырылған. Мәселен, «Қазцинкте» ауруханада уақыттың шексіз созылатынын да ойлапты. Оны тез өткізуге спутниктік антеннасы бар сұйықкристалды теледидар көмектеспек.

– Операция бөлмесін теріні алмастыру және емдеуге арналған құрал-жабдықтармен қамту ғана қалды, сол кезде біз кез келген науқасқа жәрдем бере аламыз, – дейді Әділ Тоқсанбаев. – Әрине, оның бәрі – қымбат құрылғылар, бірақ бір кездері біз күйікке қар-сы кереуетті де армандап едік қой. Қалатүзуші кәсіпорынның ауруханаға қамқорлық танытуы игі дәстүрге айналып үлгерген. Бұдан бұрын қамқоршылар біздің бөлімше үшін артроскоп алып берген-ді, ол кезде ондай жабдық еліміздің өзге ауруханаларында жоқ болатын. Со кезде біз бәрінің алдында болдық. Оны әлі күнге дейін қолданып келеміз, соның көмегімен көптеген ауыр науқастардың өмірін сақтап қалдық. Өткен жылы «Қазцинк» артороскопқа қажетті құралдарды сатып алды, сонымен бірге блоктаушы интрамедуллярлы остео-синтез сатып әперді, онымен біз кішкентай ғана тілік жасай отырып, сүйектердің сынуын заманауи әдістермен емдей аламыз. Бір жыл ішінде ғана 50 науқасқа жәрдем бердік. Компанияға қолдауы үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Анастасия Иванова
Зырян қаласы.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар