ШҚО Глубокое ауданында жаңа аурухана бой көтерді

(Дауыстар: 1)
ШҚО Глубокое ауданында жаңа аурухана бой көтерді


Конституция күні мерекесі қарсаңында глубокоеліктер үшін үлкен қуаныш болды – аудан орталығында бой көтерген жаңа аурухана
пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қатысып, кент тұрғындарының қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан жұртшылығы көп жиналған салтанатты ашып, оларға ақжарма тілегін жеткізген облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ:

– Еліміздің үлкен мерекесі – Ата Заңымыз күні алдында сіздердің мекендеріңізде жаңа аурухана пайдалануға беріліп, қуантып жатыр. Адам үшін ең керегі – денсаулық. Барлық игілік тек денің сау болғанда ғана жасалатынын бәріңіз де жақсы білесіздер. Тәуелсіздік алған кезден бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бұл салаға ерекше көңіл бөліп келеді. «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары аясында біздің аймақта да көптеген ғимараттар бой көтерді. Соның бірі – осы аурухана. Бүгін міне, сіздердің игіліктеріңізге 100 төсектік аурухана мен бір ауысымда 300-ге тарта науқас қабылдай алатын емхана беріліп отыр. Оны қатарға қосуға 1 млрд. 800 млн. теңге жұмсалды. Бұл соманың 400 миллион теңгедейі құрал-жабдықтар алуға бөлінген, – деп жиналған жұртшылыққа толық деректер беріп, елдің басы ауырып, балтыры сыздаса келетін заманауи аурухананы белгіленген мерзімде пайдалануға берген «Элхон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына алғыс айтты.

ШҚО Глубокое ауданында жаңа аурухана бой көтерді


Ол сондай-ақ, қазір Глубокое кенті мен Уваров елді мекенінде жаңа мектептің құрылысы басталғанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта ауданның еңбекқор халқының игілігін молайту жолында басқа да шаруалар қолға алынатынын жеткізді. Алдағы Конституция күнімен, жаңа оқу жылымен құттықтап, елді әрдайым ынтымақ пен береке салтанат құруы үшін тер төгуге шақырды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина, жаңа ауруханадағы анестезиология және жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі,
денсаулық саласының ардагері Борис Сивко ауыл халқы үшін жасалып жатқан осындай жақсылықтар үшін облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА ерекше алғыстарын жаудырды. Салтанат соңына қарай аймақ басшысы сырты сәнді, іші мәнді аурухана басшылығына су жаңа жедел жәрдем көлігін сыйға тартып, емдеу орнының бөлімшелерін аралап көрді. Біз аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігері Қайрат Беделмановты әңгімеге тартқан едік.

– Ауруханамызда травматологияхирургия, перзентхана, гинекология, педиатрия, терапия және реанимация, сонымен қатар, жедел жәрдем бөлімшесі бар. Аурухана салынып жатқан екі жыл ішінде ауданға 17 жас маман келді. Жалпы, қазір аудан бойынша 78 дәрігер, 250-ден астам орта буын медицина қызметкері жұмыс істеуде. Ауруханамызда маман жеткілікті. Соңғы екі жылда ғана ауданда бес дәрігерлік мекеме ашылса, биыл тағы да үш дәрігерлік амбулатория ашпақшымыз, – дейді ол.

ШҚО Глубокое ауданында жаңа аурухана бой көтерді


Ауданға келген жас маманның бірі Арман Тасмағамбетов екен. Ол өз тірлігі туралы қысқаша айтып өтті.

– Бұл ауданға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен келдім. Өзім анестезиолог, ал зайыбым окулист болып істейді. Мұнда
келісімен үш бөлмелі пәтер берді, – деді ол ағынан жарыла. – Семей мемлекеттік медицина университетін тәмамдап, Қайрат Беделмановтың арнайы шақыруымен келгенбіз. Өзім Талдықорғаннанмын, ал әйелім Үржардан. Ең бастысы, алғаш рет келген бізді аурухана ұжымы өте жақсы қарсы алды. Қазір әйелім екі жасар баламызбен үйде отыр. Жалпы, осындай жаңа ауруханада тек
жемісті еңбек етіп, елге адал қызмет еткіміз келеді. Салтанат соңында жиналған қауымды аймағымызға белгілі өнер қайраткерлері ән мен күйге бөледі.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар