Шығыста туристер «Қызыл кітапқа» енген құсты құтқарып қалды

(Дауыстар: 1)
Шығыста туристер «Қызыл кітапқа» енген құсты құтқарып қалды


Новосібір қаласынан келген туристер «Қызыл кітапқа» енгізілген құсты ажалдан құтқарып, құсты қаламыздағы этнографиялық саябақтағы мұражай-қорыққа әкеліп тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Роман Сизых қызы Аделина екеуі «Зырян - Өскемен» тас жолынан тауып алған бүркіт тұқымдас құс екі аяғынан жараланып, жолдың шетінде жатқан көрінеді. Мұны байқап қалған қызы әкесінен көлікті тоқтатуды сұраған.

– Біз жолдың шетінде аянышты халде жатқан құсты көріп, өзімізбен бірге қалаға алып келдік. Келе салып ветеринарға көрсеттік. Үйде де біраз күн қарап, жем-суын бердік. Құс біраз есін жинаған соң, этнографиялық саябақтың директоры Николай Зайцевпен сөйлесіп, жаралы құсты хайуанаттар бағының қарамағына өткіздік,–дейді Роман Сизых.

Орнитолог Борис Щербаковтың айтуынша, бүркіт тұқымдас мұндай құстар қазіргі күні табиғатта өте сирек кездеседі екен. Өңірімізде бұл тұқымның 7-8 жұбы ғана қалуы мүмкін.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар