Жекешелендірудің екінші толқыны басталды

(Дауыстар: 1)
Жекешелендірудің екінші толқыны басталды


Биылғы шілде айында елімізде жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу бойынша ауқымды міндетті іске асыру басталды. Оның негізгі
мақсаты – бәсекелестікті дамыту, ол мемлекеттің экономикасына оң ықпал етеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы үрдісті іске асыру барысында үлкен нысандар босатылады және бизнесті жеке кәсіпкерлік арқылы дамытуға болады. Сонымен қатар, нысандарды жекешелендірумен қатар, Үкімет экономиканың жеке бизнесі бар салаларында мемлекет қатысуын шектеу бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Ал қағидаттар заң жүзінде бекітіледі. Осы үрдісті іске асыруға барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Үкіметтің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің осы қаулысын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №158 қаулысы қабылданды, соған сәйкес жекешелендірудің 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік
ұйымдарының тізбесі бекітілді. Сондай-ақ, облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін іріктеу бойынша өлшемдер
анықталды. Осы үрдістерді қолдау үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №137 қаулысымен заңды тұлғалардын және коммуналдық меншіктегі ысандарды оңтайландыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Осындай
жұмыстарды облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары жүргізуде. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша квазимемлекеттік сектордың 60 ұйымы бәсекелі ортаға беруге жатады, оның ішінде: облыстық коммуналдық меншікке жататын 13 кәсіпорын; облыстық аудандарындағы (қалаларындағы) 39 кәсіпорын; «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 8 еншілес ұйымы. Осы ұйымдар білім, тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жатады. Осы ұйымдар тізбесі облыстық қаржы басқармасының www. vkofin.gov.kz сайтында орналасқан.

Облыстағы кәсіпорындарды жекешелендіру 2014-2016 жылдарға жоспарланған. «Жекешелендіруді жүргізу кезінде Үкімет және жергілікті атқарушы органдар мынадай қағидаттарды орындауы керек: жұмыстың айқындығы, мемлекеттік – жеке серіктестіктің әр-
түрлі тетіктерін пайдалану», дегенді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Мемлекеттік меншікті және ұлттық холдингтердің, компаниялардың активтерін жекешелендіру үрдісінің айқындығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аукциондық саудалар және коммерциялық тендерлер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында онлайн режимінде жүргізілуі керек. Сонымен қатар, порталда сату нысандары (нысан бойынша жалпы мәлімет, қаржылық көрсеткіштер,
бағалау туралы есептің сканерден өткен көшірмелері, құқық белгілеуші құжаттар, фотосуреттер, бастапқы құны) және сауда нәтижелері (сату күні, сату бағасы) туралы барлық ақпараттар бар. Жекешелендіру үрдісіне барлық заңды және мемлекеттік емес заңды тұлға қатыса алады. Порталға әлеуетті қатысушы ретінде тіркелу үшін оларға халыққа қызмет көрсету орталығынан
электронды кілт алу қажет. Сонымен қатар, «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде, басқарманың www.vkofin.gov. kz ресми сайтында міндетті түрде сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жарияланады.

Жиенхан Әбенов,
ШҚ облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар