800-ден астам жұмыс орны ұсынылды

(Дауыстар: 1)
800-ден астам жұмыс орны ұсынылды


Кеше Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кезекті мамандықтар жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күні бойы өткен шараға облыс орталығының тұрғындары, әсіресе, жастар мен студенттер белсенді қатысты. Мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат – жұмыс берушілерге қажетті кадрларды іріктеу, ал жұмыссыздар үшін жаңа жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігін туғызу болды. Жәрмеңкенің ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов облыста биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жыл соңына дейін 12 мыңнан аса адамды еңбекпен қамту көзделіп отырғандығын атады. Сонымен қатар, аймақта бүгінге дейін 189 жұмысқа орналастыру жәрмеңкелері өткізілген. Бағдарлама шеңберінде кәсіби оқыту және қайта оқытуға 231 адам жолданса, әлеуметтік жұмыс орындарына 161 адам орналасқан. Жастар іс-тәжірибесіне 134 түлек жіберіліп, 35 адам 105 млн. теңге сомаға шағын несиелер алған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айжан Садықованың айтуынша, бүгінгі мамандықтар жәрмеңкесіне Өскеменнің 15 ірі кәсіпорны қатысып, әртүрлі салалар және өнеркәсіп
бойынша өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Олардың қатарында «Востокмашзавод» АҚ, «Восток Агро Холдинг» ЖШС, елге белгілі «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС-нің Ақсай-Нан Өскемен филиалы, «Нұрлы Саяхат» ЖШС, «Система Грид» ЖШС сынды кәсіпорындармен қатар, «Шығыс Қазақстан санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы» сынды мемлекеттік мекемелер де бар. Бұлардың ішінде «Востокмашзавод» АҚ мамандықтардың 30-дан аса түрін келушілер назарына ұсынса, Ақсай-Нан Өскемен филиалы 16 бос жұмыс орнына таңдау жасады.

– Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі – тоқсанына бір мәрте облыс аумағында бір уақытта тұрақты акция түрінде өткізіледі. Осы жәрмеңкеге тапсырыс берген кәсіпорындар түгелге дерлік шақырылып отыр. Олар өздеріндегі сұранысты жауып қана қоймай, қажетті мамандықтарға үміткерлерді де іріктеп алады. Тараптар келісіп жатса, бірден келісімшарт жасалады. Араларында тұрақты
қатысып келе жатқандар бар. Келесі жәрмеңке қараша айында өткізіледі, – дейді басқарма басшысы Айжан Садықова.

Сондай-ақ, бүгінде облыстың жұмыспен қамту картасы құрылуда. Ол бойынша арнайы сауалнама жүргізу арқылы өңір тұрғындарының нақты қанша пайызы жұмыспен қамтылғандығын жекелеген мекенжай бойынша анықтау мүмкіндігі тумақ.

– Мен жәрмеңке туралы интернеттегі хабарландырулардан оқып, қатыстым. Нәтижесінде қаладағы «DEDEMAN» қонақ үй кешенінде істәжірибеден өтудемін. Айына 12 мың шәкіртақы аламын. Мамандығым – отель бизнесі. Бұйыртса, сонда жұмысқа кірмекпін, – дейді өзін Наиль Ярулин деп таныстырған жас жігіт. Жәрмеңкеге облыс бойынша жиыны 385 кәсіпорын қатысып, 800-ден астам жұмыс орнын ұсынса, оған 1423 адам қатысты. Жұмыссыз 837 адаммен әңгімелесу жүргізіліп, 180 адамға жолдама берілді. Кәсіптік
оқуға 54, қоғамдық жұмысқа 111 адам, жастар іс-тәжірибесіне 58 түлек жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 44 адам орналастырылды.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар