Жапондық ғалым жаңалық ашпақ

(Дауыстар: 1)
Жапондық ғалым жаңалық ашпақ


Хиросима университетіндегі радиациялық биология және медицина бөлімінің профессоры Хоши Масахару Семейде иондалған сәуленің тірі ағзаға әсерін ядролық реактор арқылы тексермек. Жаңа ғылыми тәжірибеге жапондықтармен бірге қазақстандықтар және
ресейліктер де атсалысуды жөн көріп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әлемде бұрын-соңды жасалмаған ғылыми тәжірибе Семей медицина университетінде жүзеге аспақ. Хоши Масахару – радиациялық биология саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ғалым. Ресейлік ғалымдармен де тығыз байланыс орнатқан ол ұзақ уақыт бойы адам мен табиғатта атом салдарынан болатын өзгерістерді жіті қадағалаумен айналысып келеді.

– Бүгінде бүкіл дүниежүзі ғалымдарына бета-радиация деген мүлде белгісіз болып тұр, – дейді Хоши Масахару, – біз радиацияның осы түрінің теріге, шашқа, бүкіл ағзаға қаншалықты әсері барын анықтамақпыз. Оның тіпті, жан-жануарға тигізетін әсерін де тұңғыш рет біз зерттемекпіз. Нәтижесінде қандай ем қолдануға болатыны анықталады. Тәжірибеге негізінен тышқандар тартылады. Оларды сәулелендіру Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта жүзеге асырылмақ. Содан кейін тышқандарды Семейдегі медицина университетіне әкелеміз. Сонда тәжірибе жасап, нақты зерттейміз. Тәжірибеге қатысатын ресейлік ғалымдар да мұның
адамзат үшін өте қажет дүние екенін айтуда. Ресейдің медициналық радиологиялық ғылыми орталығындағы зертхана меңгерушісі Валерий Степаненко:

– Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбасы жарылысы кезінде зардап шеккендердің бойынан табылған зиянды қалдықтарды қолда
бар дозиметрлік құралдармен 1986-2002 жылдары толық зерттесек те, ештеңе түсіне алмадық. Сондықтан да біз Қазақстанға келіп, тәжірибе жасауды жөн көрдік. Бұл үш жылға созылып, тек 2017 жылы ғана аяқталады. Жоба аяқталысымен «Қазақстан
Республикасындағы ядролық сынақтардан кейін 70 жыл өткенде» деп аталатын ғылыми кітапты бірігіп шығаратын боламыз, – дейді.
Семей мемлекеттік медицина университетінің проректоры Алтай Дүсіповтің айтуынша, зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін университет тарапынан 12 млн. теңге қаражат бөлініпті. Бұл – бірінші кезең. Содан соң гранттық қаржыландыруға тапсырыс берілмек. Сөйтіп, жапондық профессормен бірігіп жұмыс істеу үшін Білім және ғылым министрлігінен тағы да қосымша қаражат бөлінеді деп күтілуде.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар