Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп жатыр

(Дауыстар: 1)
Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп жатыр

2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жүргізілетін іс-шараларды қаржыландыруға биыл Шығыс Қазақстан облысына 3,4 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жыл сайын бөлініп келе жатқан бюджет қаржысына моноқалалар қатарына кірген Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянка қалаларының жылу жүйелері, көшелері жөнделіп, көріктендірілуде, көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Қала кәсіпкерлеріне бизнеспен айналысуға жеңілдетілген шағын несиелер, субсидия, мемлекеттік гранттар беріліп жатыр.

Жаңа жұмыс орындарын ашып, қаланы дамыту үшін төрт моноқалада алты зәкірлік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Үш жоба жүзеге асырылуға дайын тұр, қалғандарына инвесторлар іздестірілуде. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы тірек ауылдарында іске қосылған өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарында екі жылдан бері 6707 жұмыс орны ашылған. Шығыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтері бойынша, тірек ауылдарында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ірі қара 19 мың басқа көбейіп, тұрмысы төмен отбасылардың саны 566-ға азайған.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: кәсіпкерлер

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар