Аз табыспен жаңа үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар ма?

(Дауыстар: 1)
  • 18 қыркүйек 2014, 09:06 |
  • Пікірлер: 1
Аз табыспен жаңа үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар ма?

- Келесі жылы үйленгеніме екі жыл болады. Кішкентайымыз бар. Екеуіміздің де жасымыз жиырма тоғызға толған жоқ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшот ашып, шамам келгенше ай сайын белгілі мөлшерде ақша салып отырамын. Сұрайын дегенім, ертең жаңа үйден алатындай жағдай туып жатса, жалғыз өзімнің ай сайынғы табысым расталмай қалмай ма?
Дархан Қалиев, Ұлан ауданы.

Сіздің сауалыңызға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы директорының орынбасары Бизат Советханқызы жауап береді:

- «Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй» «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы іске асырылып жатыр. Әрине, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шотына ай сайын қаржы салып, төлемге қабілеттілігін растау қиын. Бұл жағдайды ескере отырып, банк өз клиенттеріне жеңілдік жасап, төлем қабілеттілігін растауды алып тастады. Ол үшін тек банкке өтініш бергенге дейін 6-12 ай ішінде жинақтау салымдарын ай сайын уақтылы салып отырса болғаны. Мәселен, аумағы 60 ш.м, жайлылығы 4 сыныпты екі бөлмелі пәтердің бағасы - 6 000 000 теңге. Банк ұсынған ай сайынғы салым - 31 800 теңге. Егер 6 ай бойы бұл сома толық, әрі тұрақты салынып отырса немесе мерзімінен бұрын барлық сома төленсе, жалға баспана алатын бағдарлама қатысушысына төлем қабілеттілігін растаудың қажеті жоқ. Жоғарыда көрсетілген жағдай сақталған кезде «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты шеңберінде жалға тұрғын үй алушылардың да төлем қабілеттілігін растамауына болады.

Осы тұста айта кетерлігі «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі үйлерге арыз қабылдау 2 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталады. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Өскемендегі 19 ықшам ауданындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге де арыз қабылданып жатыр. Ал келесі жылы 2 маусым мен 31 шілде аралығында 19 ықшам аудандағы 9 қабатты үйге өтініш қабылданады. Және де, бұл ықшам ауданда салынып жатқан 60 пәтерлі үйге келер жылы 12 мамыр мен 11 шілде аралығында да өтініш қабылданады.

Ендеше өз қаражатыңызға, жағдайыңызға қарай салынып жатқан үйлерге қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар. Қосымша мәліметтерді Өскемендегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалына келіп ала аласыз.

Әзірлеген - Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Назым | 20 қазан 2014 17:58
Сәлеметсіздерме ауылдағы жас мемлекеттік қызметте істеп жургендрге үй беріле ме? Егер уй берілсе, қайда және қандай құжаттар керек?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар