Толық циклді жаңа зауыт Өскемен қаласында салынады

(Дауыстар: 1)
Толық циклді жаңа зауыт Өскемен қаласында салынады

Өскемен қаласының іргесіндегі Арматура зауыты орналасқан маңайды бұдан былай индустриялды аймақ деп атауға болады. Бұл жерде жеті бірдей индустриялды жоба іске асырылмақ. Соның алғашқысы - жуықта бұл жерде базальтты жылу сақтағыштар мен сендвич пакеттер өндіретін толық циклді жаңа зауыт бой көтереді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өнімділік қуаты жылына 30 мың тонна болатын жаңа зауыт өскемендік «Техстройиновация» ЖШС және Чехия Республикасының «Фридлантские стройирны» Расл и сын» компаниясы арасындағы келісімнің аясында салынбақшы. Чехия жағы жаңа зауытқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін құны 8 950 000 евро көлемінде инвестиция құйып отыр. Жобаның жалпы құны 22 млн. евроны құрайды.

«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы индустриялды аймаққа жер телімін, инфраструктура, жол және теміржол тұйығын ұсынып отыр. Қалған жұмысты Қазақстан мен Чехия республикаларының қос компаниясы бірлесе атқармақшы. Чехиялық «Фридлантские стройирны» Расл и сын» компаниясының атқарушы директоры Яна Дворжакованың айтуынша, жаңа зауытта заманауи құрылыс материалдары өндірілетін болады. Шатыр астын, қабырға арасын қымтауға арналған жылу сақтағыш материалдар қазір де үлкен сұранысқа ие.

Осы жылдың қараша айынан бастап қолға алынатын зауыт құрылысына 100-ден астам адам тартылмақшы. Ал зауыт өз жұмысын бастағаннан кейін бұл жерде 200-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылады екен. Зауыт толық циклді болғандықтан өнімге қажетті шикізат маңайдағы 15 шақырым қашықтықтан әкелінетін көрінеді.

- Шикізаты жанында тұрған зауыттың өнімділік қуаты мол болуға міндетті. Біз зауыт құрылысын ең қысқа мерзімде аяқтап, зауыт шығынын 4-5 жылдың ішінде ақтаймыз. Ең бастысы, бұл жерде өте сапалы және бағасы қол жетімді құрылыс материалдары өндірілетін болады, - дейді Яна Дворжакова.

Дәстүрге сәйкес жаңа нысанның алғашқы іргетасына символикалық капсула бірге қаланды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев және Чехия Республикасындағы Пльзень аймағының гетманы (басшысы) Вацлав Шлайс капсуланы бетон ішіне салтанатты жағдайда салды.

- Үлкен құрылыстың алғашқы кірпіші осылай қаланып жатыр. Ертең бұл аумақта үлкен инновациялық жобалардың жалғасын тауып жататынына сенімім мол. Қос компанияның жұмысына сәттілік тілеймін, істеріңіз ілгері баса берсін, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбек Шерубаев құттықтау сөзінде.

Аталмыш зауыттан басқа алдағы уақытта бұл индустриялдық аймақта шаруашылыққа арналған қағаз өнімдерін шығаратын, сапалы гипсокартон жасайтын, сондай-ақ, отын брикеттер және тау-кеніші машиналары мен оған қажетті құралжабдықтар өндіретін бірнеше зауыт қатар салынбақ.

Дарын Нұрсапаров
Суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар