Тілі зордың - елі зор

(Дауыстар: 1)
Тілі зордың - елі зорҚазақстан халқының тілдері күн 1998 жылдың 20 қаңтарында еліміз Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар мен қатар Белағаш өңірі де асқан ұйымшылдықпен тойлап келеді.

Бородулиха аудандық мәдениетті және тілдерді дамыту бөлімінің жыл бойы жүргізіп келе жатқан жұмыстарымен жете танысқанда ана тіліміздің салтанат құруына көз жеткізе түсеміз.

Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар осы мерекеге орай мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өзге ұлт өкілдерінің арасында аудан көлеміндегі іс-шаралар, байқаулар, олимпиадалар өткізіле бастады.

Біз осы орайда ана тіліміздің өркен жаюы турасында сөзге тартқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Маркисиян Байдрахманқызы Асавбаева: "Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді (түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды" деп өз ойын ортаға салды.

Бородулиха ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелерде 2014 жылдың 19 тамызынан 19 қыркүйек дейінгі аралықта «Мемлекеттік тіл - менің тілім» айлығы өтуде. Ивановка ауылдық клубында осы тақырыпқа клуб, ауылдық әкімшілік аппараты қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері, шаруа қожалықтарының жұмысшылары арасындағы өткен конкурсқа көрермен болып қатыстық. Конкурстың аяғында белсене қатысқандар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.

Бүгінгі күні Белағашта тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар