Ана тілі - ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі

(Дауыстар: 1)
Ана тілі - ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі

Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу сезімдерін ояту мақсатында ШҚО Бородулиха аудандағы 80 жылдық тарихы бар Зубаир орта мектебінде «Тілдер апталығы» болып өтті.

Мерекемен директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Р.Ж.Тютенова жиналғандарды құттықтап, үш тұғырлы тіл жайлы айта келіп, елімізде қатар өмір сүріп жатқан халықтардың тіліне құрметпен қарауға үндеді.

Біз сөзге тартқан мектеп директоры Құсайын Сазанбаев: "Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру", - дейді.

Осы апталықтың аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері М. Өмірзақова мен С.Кенжекова «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты 5-7, 6,8 сыныптар арасында сайыс өткізіп, жеңімпазы болып 6 сынып танылды.

Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ерубаева 8-10 сыныптар арасында «Жемчужины народной мудрости» атты мақал -мәтелдер сайысын өткізді. Сайыста құрамында Тоқтарболатова А, Жеңісова М, Мұратов А, Мұхаметқалиева Ж. бар «Мақалдар» құрама командасы жеңіп шықты. Бастауыш сыныптар арасында Г.Дүйсенбаева өткізген «Жұлдызды сәт» сайысы тартымды да қызықты өтті. Сайыста 4 сынып оқушысы Тоғысова Аяжан жеңімпаз атанды.

Тарих пәнінің мұғалімі Г.Қизатаева мен ағылшын пәнінің мұғалімі Г. Мұқаш 5-10 сыныптар арасында «Астана - Лондон үндестігі» деген тақырыпта Қазақстан мен Ұлыбритания жайында толық мағлұмат бере отырып тартымды презентация көрсетті.

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін оятудағы ұстаздардың еңбегі жарқырай көрінген апталықты мектеп директоры Құсайын Сазанбаев қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттады.

С.Әбілқасымұлы, Г.Ерубаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар