Көмекке мұқтаж тұрғындардың арыздары ескерусіз қалмайды

(Дауыстар: 1)
Көмекке мұқтаж тұрғындардың арыздары ескерусіз қалмайды

Кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев партияның Өскемендегі ШҚО филиалы ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауында Шығыс Қазақстанның көмекке мұқтаж он төрт азаматы болып, өтініш-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қабылдау кезінде ШҚО әкіміне негізінен шағын және орта бизнеске, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылыққа қатысты сұрақтар қойылды. Аймақ басшысына жолданған сауалдардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ақшалай және баспана жағынан көмек көрсету мәселелері де болды.

Сондай сауалдардың бірі Әлия Үмбетова есімді азаматша тарапынан қойылды. Қазір оның қолында қайтыс болған туыстарының баласы тұратын көрінеді. Бұл кісінің өзі де - бірінші топтағы мүгедек екен. Сол себепті Әлия Үмбетова облыс әкімінің қабылдауына жазылыпты. Оның сұрағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға үй беру жайында болды. Аталмыш мәселенің мән-жайымен танысқан аймақ басшысы бұл мәселенің мұқият бақылауға алынатынын жеткізді.

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мұндай балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін міндетті түрде баспанамен қамтылатын болады. Ал әзірге олар кезекте тұрады. бірақ сіздің балаңыздың мәселесі ескерусіз қалады деп алаңдамаңыз. Мен Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжановқа бұл мәселені жіті қадағалауда ұстауды тапсырамын, - деді ШҚО әкімі.

Ал Гүлмира Қошанова есімді азаматша көкөніс қоймасын салу мақсатына мемлекеттен грант алғысы келетінін айтып, осы мәселеге байланысты аймақ басшысынан көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған өтінішті тыңдай келе, көкөніс қоймасын салуға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жалпы, аймақ басшысының қабылдауында Өскемен қаласы мен Аягөз, Үржар және Шемонайха аудандарының тұрғындары болғанын айта кеткен жөн.

Нұржан Кенжеұлы
Суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар