Аудандық мүгедектер спартакиадасы Зайсанда өтті

(Дауыстар: 1)
Аудандық мүгедектер спартакиадасы Зайсанда өтті

2014 жылдың 23 қыркүйегінде Зайсан қаласының орталық «Сайхан» стадионында мүгедектердің XIV ауданаралық спартакиадасы болып өтті, деп хабаралайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Спартакиада спорттың 7 түрінен, атап айтқанда, волейболдан, қол күресінен, тоғызқұмалақтан, дойбыдан, арқан тартудан, баскетбол торына доп лақтырудан және жеңіл атлетикадан тартысты сайыс өтті.

Спартакиада қорытындысы бойынша баскетбол торына доп лақтырудан қыздар арасында жүлделі бірінші орынды Біржан ауыл округінен А.Ақмолдина жеңіп алса, екінші орынды Кеңсай ауылдық округінен Ә.Сүлейменова, үшінші орынды Зайсан қаласынан А.Смаилова иеленді. Ерлер арасында жүлделі бірінші орынға Е.Тұңғатов, екінші орынға С.Тастағанов, үшінші орынға Т.Әбділдабеков ие болды.

Дойбыдан қыздар арасында бірінші орынды Г.Күсбекова, екінші орынды Г.Омарова, үшінші орынды С.Әмірғалиева жеңіп алса, ерлер арасында бірінші орынды Н.Әбзиев, екінші орынды С.Жұмағалиев, үшінші орынды А.Қапиянов жеңді.

Тоғызқұмалақ ойынында болсақ ерлер арасынан Р.Молдаханов бірінші, С.Тастағанов екінші, Б.Тогусов үшінші тұғырдан көрінді. Қыздар арасында жүлделі бірінші орынға Ж.Мамыраева, екінші орынға А.Жүрекбаева, үшінші орынға А.Қайырбекова табан тіреді.

Қол күресінен ерлер арасында бірінші орынды С.Қорқытбаев, екінші жүлдені Ж.Абилханов, үшінші орынды Е.Тунгатов жеңіп алса, қыздар арасында бірінші орынға Т.Омарханова, екінші орынға Г.Амирова, үшінші орынға А.Смаилова ие болды.

Жеңіл атлетикадан қыздар арасында бірінші орынға Н.Апселенова, екінші орынға Қ.Ғазизова, үшінші орынға М.Баяхметова лайық болса, ерлер арасында бірінші орынға С.Тастағанов, екінші орынға Б.Уалиев және үшінші жүлделі орынға М.Теміров табан тіреді.

Арқан тартудан жүлделі бірінші орынды Кеңсай ауылдық округінің, екінші орынды Зайсан қалалық округінің, үшінші орынды Шілікті ауылдық округінің командалары жеңіп алды.

Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынға 167 ұпай жинап Кеңсай ауылдық округі, екінші орынға 151 ұпаймен Шілікті ауылдық округі, үшінші орынға 122 ұпаймен Зайсан қаласының, төртінші орынға 119 ұпаймен Зайсан жастары және бесінші орынға 113 ұпаймен Біржан ауылдық округінің командалары ие болды. Аталмыш спартакиадада бас төреші Д.Абылханов пен бас хатшы С.Серікбаева төрешілік етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Спорт | Кілт сөдер: мүгедек жандар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар