Он төрт жастағы оқушы түйе балуан атанды

(Дауыстар: 1)
  • 26 қыркүйек 2014, 14:21 |
  • Пікірлер: 1
Он төрт жастағы оқушы түйе балуан атанды

«Қажымұқанның інісі» атанған өңірдің даңқты балуаны Тұрсын Қалмақбаев атындағы жүлдені сарапқа салу үшін Шығыс Қазақстан облысының 172 балуаны Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылына жиналып, байрақты бәсекенің көркін қыздырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Есімі елге ерте танылған, қазақша күрестен республиканың бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық ойынымыз аударыспақтан 15 дүркін жүлде алған, қазақша күрестен ардагерлер арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан балуанмен алдымен Тарбағатай аудандық мәдениет үйінде кездесу өтіп, ардақты ағаның астына ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Он бір салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде екі күн белдескен жас балуандар нағыз мықтыны анықтады. Бұл белдесуде Е.Әділбеков пен Е.Мұхтарұлы ерекше көзге түсті. Жарыс соңында дәстүр бойынша түйе балуанға үміткер 10 балуан боз кілемге қайта шықты. Осы ондықта жауырыны жер иіскемеген К.Нұрбаев атындағы орта мектептің түлегі, он төрт жасар Ғайса Мұзапарханов түйе балуан атанып, жарыстың жеңімпазы болды.

Жарыстың құрметті төрағасы 80 жастағы Тұрсын Қалмақбаев балғын балуандарға жүлдені өз қолымен тапсырып, батасын берді. Ал ұйымдастырушылар турнирді келешекте республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Спорт | Кілт сөдер: балуан

Пікірлер:

жанашыр | 26 қыркүйек 2014 17:06
Қазақ неге күреске әлсіз? Күрестің неше түрінен олимпиада чемпионы - 2 (Үшкемпіров, Серіков), дүние жүзінің чемпионы - 4 (Үшкемпіров, Серіков, Тұрлыханов, Байсейітов) Және бұлардың бәрі грек-римнен. Не жетіспейді? Кеңестік кезде "шеттетті" деп ақталдық, қазір ше, егемен болғанымызға ширек ғасыр өтті ғой...
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар