Ардагерлер мен әулеттер марапатталды

(Дауыстар: 1)
Ардагерлер мен әулеттер марапатталды

Өскемен қаласының Достық үйінде мәдениет қызметкерлері кәсіподағы Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің мұрындық болуымен биыл алғаш рет атап өтіліп отырған «Еңбек күні» үлкен салтанатпен мерекеленді.

- Елбасының былтырғы қарашадағы Жарлығымен белгіленген бұл мерекенің басты мақсаты - өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің игі дәстүрлерін қолдау болып табылады, - дей келіп, салтанатты жиынды ашқан мәдениет қызметкерлері облыстық комитетінің төрайымы Любовь Борисовна Князева Халықтар достығы үйінде ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарған Л.Б.Шик пен Л.Г.Королеваға кәсіподақтар Кеңесінің Құрмет грамоталарын, ақшалай сыйлықтар тапсырып, сый-сияпат жасады.

Еңбек ардагерлерін облыстық архитектуралық-этнографиялық, табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Н.А.Зайцев құттықтады, Халықтар достығы үйінің директоры Э. Төлеубеков құттықтап, ақшалай сыйлықтар тапсырды.

Достық үйіндегі қазақ, украин, корей мәдени орталықтары әншілерінің әсем әндерімен, бишілерінің мың бұралған билерімен өріліп отырған әдемі мерекелік кештің ең тамаша сәті - еңбек әулеттерін әспеттеу болды.

Арғы шыққан тегі ирандық - Атаули Латфи Өскемендегі облыстық драма театрына сонау соғыс жылдары актерлық жұмысқа келген екен. Қазір осы өнер ордасында ол кісінің шөберелері еңбек етіп, өнер көрсетіп жүр. Бұл күндері осы актерлер әулетінің жалпы жұмыс өтілі 182 жылды құрап отыр. Алла Атаулиновна Латфи бастаған актерлер әулеті сахнаға шақырылып, мәдениет қызметкерлері облыстық комитетінің төрайымы Л. Б.Князева әулетті Құрмет грамотасымен марапаттап, құттықтап, ақшалай сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, облыстық драма театрының музыкамен көркемдеушісі Мищенколар әулетіне де осындай сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілді.

Айтмұхамбет Қасымов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: достық үйі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар