Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы Шығыс Қазақстанда өтті

(Дауыстар: 1)
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы Шығыс Қазақстанда өтті

Кеше еліміздің тоғыз өңірінде, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы да бар, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау учаскесі Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің 5 ғимаратында орналасты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 29-қыркүйек күнгі сағат 24.00-де үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталды. 30 қыркүйек, сонымен бірге дауыс беру күні - 1 қазанда кез келген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынды. Дауыс беруге облыстағы депутаттық корпустың 98,7 пайызы қатысты.

- Дауыс беру бюллетеньдеріне Сенат депутаттығына тіркелген екі кандидаттың тегі енгізілді. Олар - Сергей Плотников және Виктор Кутовой. Яғни, сайлау балама негізде өтпек. Дауыс беруге барлық 313 таңдаушының 308-і келіп отыр, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев таңдаушылардың бірлескен отырысында.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, Сенаттың бір депутаттық мандатына төрт кандидат тіркелген. Өзін-өзі ұсынған кәсіпкер Ержан Нұрбаев сайлау комиссиясына қажетті құжаттарын әкелмеген. Тағы бір үміткер - өзін-өзі ұсынған Александр Томашенко сайлау кандидаттығын өз еркімен алып тастапты. Үшінші үміткер - Виктор Кутовой да өзін-өзі ұсынған. Ал Сергей Плотниковтың кандидатурасын Курчатов қаласының, Ұлан, Глубокое және Бесқарағай аудандарының депутаттары ұсынған екен. Сергей Плотников - қазіргі кезде Парламент Сенатының депутаты. Ал Виктор Кутовой Защита эксплуатациялық локомотив депосының директоры және облыстық мәслихаттың депутаты Александр Томашенко Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып табылады.

ШҚО-дағы Сенат депутаттығына сайлау екі сағат көлемінде аяқталды. Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы сайлаушылардың берген дауыстарын есептеп, оның нәтижесін шығарды. Оған сәйкес Сенат депутаттығына кандидат Сергей Плотниковқа барлық деңгейдегі 308 депутаттың 262-сі дауыс берді. Ал келесі үміткер Виктор Кутовойға өз дауыстарын сайлаушылардың 45-і берген. Бір сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды. Сонымен, Сенат депутаты мандатына екі үміткердің ішінен Сер гей Плотников жеңімпаз атанды. Дауыс беру аяқталған соң, халықаралық бақылаушылар сайлау процесіне өз бағаларын берді. ТМД миссиясының өкілі Юрий Сметанин сайлаудың барлық кезеңін анық көріп отырғанын айтты. Оның ойынша, сайлау өте ашық және Қазақстанның «Сайлау туралы» Заңына сәйкес өткен. Ешқандай заңбұзушылық байқалмаған.

- Дауыс беру тыныш әрі іскер жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары мен жергілікті билік органдары қауіпсіздік пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етудің барлық шараларын қабылдады. Сайлау заңнамасының нормаларын бұзу фактілері тіркелмеді. Облыстық сайлау комиссиясына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ, - деп қостады әріптесін Ресейден келген бақылаушы Павел Ясевич.

Қазақстан Парламентінің Сенаты 47 депутаттан тұрады, олардың ішінде 32 сенатор - барлық деңгейдегі мәслихаттардың таңдаушыдепутаттарының сайлауында, елдің әрбір 16 аймағынан Сенатқа екі депутаттан принципі бойынша сайланады. Тағы 15 сенаторды Мемлекет басшысы тағайындайды.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Саясат | Кілт сөдер: депутаттар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар