Алматы күндері Шығыс Қазақстан облысында өтеді

(Дауыстар: 1)
Алматы күндері Шығыс Қазақстан облысында өтеді

Өскеменде аймақаралық серіктестік аясында Алматы қаласының Шығыс Қазақстан облысындағы күндері өтеді. Шара барысында аймақтар арасында ақпарат пен мәдени жетістіктерді алмастыру жоспарланған, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Айта кету керек, Алматыда ШҚО мәдени күндері екі мәрте өтіп үлгерді. Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қыркүйектің соңында болған кезекті жәрмеңкеде ШҚО шаруалары алматылықтарға 20 тонна балық, 2 тонна шұжық өнімдері, 2 тонна сүт өнімдері, 4 жарым тонна астам өсімдік майы, 4,2 тонна астам жарма, 2 тонна балық, 19 тонна ет, 8 тонна қымыз бен ұлттық бұйымдарды ұсынған. Сондай-ақ, құны 4 млн. теңгеден астам панты өнімдері жәрмеңкеге қойылды.

Бұл жолы алматылықтар Өскеменге келеді. Алматы күндерін өткізуге екі жақтың саяси және іскерлік дегдарлары, бизнес құрылымдары қатыспақ. Шара барысында Алматы қаласы тарихы музейінің «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты фотокөрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге музей қорындағы көркемдік сурет өнерінің шеберлері В. Лиханов, М. Етекбаев, Т. Асанов, А.Мұхаметжанов, Ю. Айбасов, А. Хайдаров, А. Сафронов және т.б. белгілі суретшілердің туындылары қойылады.

Алматы қаласының мұғалімдері Өскемендегі мектептерде ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізбек. Ал денсаулық сақтау саласында тұрғындарға консультативті-диагностикалық қызмет көрсетіп, жергілікті мамандар үшін алматылық ақ халаттылар шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

«Алматы қаласы мен ШҚО кәсіпкерлік ынтымақтастығының болашағы» атты бизнес-форум бұл күннің өзегі болмақ. Кәсіпкерлер аймақтық бизнесті дамыту жөнінде бірқатар мәселелерді талқылайды. Кездесу нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол қойылып, инвестиция тартылады деп жоспарлануда.

Кешкісін Металлургтер мәдениет сарайында салтанатты гала-концерт өтеді. Концертте ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен Абай атындағы опера және балет театрының жеке орындаушылары өнер көрсетеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: алматы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар