Ардагерлерге арнайы сыйлықтар берілді

(Дауыстар: 1)
Ардагерлерге арнайы сыйлықтар берілді

ШҚО Қарттар күні мерекесі бір апта бойы тойлануда. Қазыналы қарттардың еңбегін елеп, ерен ісін ұрпаққа үлгі етуді көздеген іс-шара барысында аймақ басшылығы ардагерлер активімен кездесу өткізіп, арнайы сый-құрмет жасады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 213 мыңға жуық зейнеткер бар болса, оның 515-і соғыс ардагері, 3 мыңға жуығы соғыс ардагерлеріне теңестірілген және 30 мыңы тыл ардагерлері.

Республика көлемінде ардагерлерге қамқорлық жасап, жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарламалар біздің облыста да табысты жүзеге асып, ойдағыдай орындалып жатыр.

ШҚО қалалары мен аудандарында 3000 қарттар мен балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 15 әлеуметтік-медициналық мекеме бар.

Тек, ардагерлер мен мүгедектерге арналған «Уба» шипайында ағымдағы жылда 3800 адам сауықтырудан өткен.

Көз жанары нашар және естімейтіндердің өмір сапасын арттыру мақсатында 2770 арнайы құрал, ал өздігінен қозғала алмайтындар үшін 799 арба алынған. Сондай-ақ, 133,9 млн. теңгеге протез-ортопедиялық бұйымдармен 1522 адам қамтылды. 213 мүгедекке жеке көмекшілер қызмет көрсетеді.

Соңғы 5 жыл бойы облыста «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Заң сәтті жүзеге асуда. Осы уақытта түрлі патологиясы бар 3000 бала өмірге бейімделіп, өздерін спортта көрсетіп, бұрын болып көрмеген туған жердің көрікті мекендерін аралауға мүмкіндік алды.

- Демократиялы, азаматтық қоғамда кез-келген белгісі бойынша, әсіресе жасы мен денсаулығына байланысты адамдарды кемсітулер болмауы керек,-деп атап көрсетті Б.Сапарбаев. Әкімнің айтуынша, келешекте ардагерлерге арналған бастамалар мен игі істер жалғасын табатын болады. Осылайша, алдағы уақытта Семей қаласындағы мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы мен Зырян ауданы Грехов кентіндегі мүгедектерге арналған Оңалту орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Кездесу соңында қалалар мен аудандардан келген 70 ардагерге әкімнің атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар