Көшпелі көз дәрігерлері Зайсанға келді

(Дауыстар: 1)
Көшпелі көз дәрігерлері Зайсанға келді

Зайсан қаласына Шымкенттен арнайы жабдықталған автобуспен көз дәрігерлері келіп, қабылдау өткізді. Аудандағы тұрмысы төмен 25 адамның көздерін тегін тексеріп, көзілдірік сатып алушыларға жеңілдіктер жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көшпелі көз дәрігерлері Қазақстанның шағын қалалары мен барлық аудандарын аралап жүр. Біздің өңірдің Тарбағатай, Үржар, Аягөз аудандарында болыпты. Офтальмолог дәрігер Ақерке Шайділданың айтуынша, қаралуға келген халықтың барлығына уақыт бөліп тексеріп, қажет болса, ем-домдарын қолданады. Көздерінің көрулері нашар болған жағдайда көру деңгейін анықтап, көзілдірік жасап береді екен.

- Күніне 50-70 адамға дейін қабылдадық. Зайсанға келгеннен бері 5 мыңдай адамның көзін тексердік. Өйткені, бұл жақтың экологиясы нашар. Әсіресе, көзде ет өсу, глаукома, коньюктивит көп, - дейді офтальмолог Ақерке Шайділда.

Тіпті, 12 жастан асқан балалардың көздерінде минус бар. Экологиядан бөлек, компьютер мен ұялы телефондардың зияны бір төбе.

Сонау Шымкенттен келген ақ халаттылар көзге коррекция жасайды, глаукома болса, көз қысымын өлшейді. Катаракта анықталған болса, емін жазып, ауруханаға жібереді. Бұл аурулардың барлығын көзге арналған жапондық аппараттың көмегімен анықтайды. Мамандардың айтуынша, жалпы мұндай көз ауруларының алдын алу үшін алты ай сайын дәрігерге қаралып отыру қажет. Үй жағдайында көзге пайдалы жемісжидектер жеу керек.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар