Алматы мен ШҚО педагогтері өзара тиімді әріптестік қатынас орнатты

(Дауыстар: 1)
Алматы мен ШҚО педагогтері өзара тиімді әріптестік қатынас орнатты

Алматы қаласының Шығыс Қазақстан облысыдағы күндеріне арналған шаралар барысында ШҚО мен Алматы қаласының білім басқармалары арасында ғылым мен білім беру саласында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды, дем хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы педагогтары тәжірибе алмасу үшін Өскемен қаласында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Мектептерде «Мемлекеттік инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру аясында білім сапасын арттыру тақырыбында диалогтік алаң өтті. Қатысушылар алматылық педагогтар өткізген ашық сабақтарға қатысып, білім саласының келешегі мен кейбір түйткілді мәселелерді талқылады.

Облыстағы білім беруді дамытудағы пилоттық жобалардың рөлі тақырыбында Оқушылар шығармашылық сарайында өткізілген интерактивтік көрме қонақтар назарына ұсынылды. Көрмеге Алматы мен Өскемен қаласының оқушылары құрастырған робототехникалар қойылды.

Білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Білім сапасы - мектептің инновациялық даму шарттары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Басқармалар арасында бекітілген меморандум екіжақты тиімді әріптестік бағыттарын айқындап берді.

- Бекітілген құжат аясында біздің аймақ пен Алматы қаласы арасында ұзақ мерзімді және жемісті әріптестік жоспарлануда. Білім басқармасының білім беру қызметін насихаттауда, біріккен инновациялық жобаларды дайындап, жүзеге асыруда күш біріктіретін боламыз. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауды ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелерімізбен алмасатын боламыз, - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Бекітілген меморандум аясында ғылыми әдістемелік семинарлар мен конференцияларда қатысты сала бойынша жинақталған білім мен тәжірибе алмасу, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша мектеп топтарымен алмасу қарастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар