Бұқаралық спорттық туристік фестивалі 2017 жылы Қазақстанда өткізілетін болды

(Дауыстар: 1)
Бұқаралық спорттық туристік фестивалі 2017 жылы Қазақстанда өткізілетін болды

Бұқаралық спорттық туристік «Ұлы Алтай» фестивалі 2017 жылы Қазақстанда өткізілетін болды. Бұл туралы әйгілі «Алтай-Алтын таулар» трансшекаралық туристік экспедиция мүшелері жариялады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Ресейдің Барнауыл қаласынан шығып, Шығыс Қазақстан арқылы Қытайдың Алтай қаласына бет алған «Алтай-Алтын таулар» трансшекаралық туристік экспедиция Өскемен қаласына ат басын тіреді. Спорттық туризм мамандарынан тұратын делегацияның мақсаты келер жылы Қытайда өтетін кезекті «Ұлы Алтай» ойындары ұйымдастырылу барысымен танысу. Айта кету керек, дәстүрлі «Ұлы Алтай» ойындары «Алтай - біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру Кеңесінің Алтай тауын мекендеген халықтардың достығын нығайту мақсатында ұйымдастырған іс-шараларының бірі.

«Ұлы Алтай» туристтік-спорттық фестивальдің үйлестірушісі Антон Сергеевтың айтуынша, «Ұлы Алтай» фестиваліне ат спорты, альпинизм, балық аулау, рафтинг, веложарыс кіреді. «Сонымен қатар, ойындарды өткізіп жатқан ел ұлттық спорт түрлерін қосуға құқылы. 2013 жылы Моңғолия елі 3 ұлттық спорт түрін қосқан болатын», - деді А. Сергеев.

Қытайда делегаттар мен ұйымдастырушы жақ ойындарға кіретін спорт түрлері мен кейбір мәселелерді талқылайтын болады.

Алтай қаласынан кейін бұқаралық спорттық туристік фестиваль 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылмақ. Бұл елімізде өткізілетін «ЭКСПО -2017» көрмесімен сәйкес келіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасыл экономиканы негізге алған көрме мен табиғат аясында өтетін «Ұлы Алтай» фестивалінің өзара астарлас мәні бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар