Көлік апатын кеміту үшін тәртіпті күшейту қажет

(Дауыстар: 1)
Көлік апатын кеміту үшін тәртіпті күшейту қажет

Қателікті кешірмейтін қара жолда көлік апаты салдарынан адам өлімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы облыс республикада жетінші орында тұр. ШҚО жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен өзара іс-әрекеті ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық отырыста талқыланды.

Отырыста Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Айназар Төменбаев соңғы 8 айда орын алған жол-көлік оқиғалары мен қара жолдағы апатты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

- Ағымдағы жылдың соңғы сегіз айы ішінде облыс жолдарында 882 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 182 адам қаза тауып, мыңдаған адам дене жарақаттарын алған. Бірақ былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімі жеті пайызға төмендеді, - деді Айназар Төменбаев.

Жол апатының көбі жылдамдықты шектен тыс арттырғандықтан, қарама-қарсы бағытқа шығып кетуден, алкогольді ішімдік ішуден, қиылыстарды кесіп өту салдарынан орын алады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол ережесін ескермеуінен де қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 37 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылы мыңға тарта жүргізуші ішімдік ішіп ұсталған. Олардың дені - Өскемен, Семей қалалары мен Зырян, Шемонайха аудандарының тұрғындары. Айназар Төменбаевтың айтуынша, көлік тізгініне ішімдік ішіп отырған жүргізушілерді анықтау мақсатында жол патрульдік полиция қызметкерлері 300 дана алкотестермен қамтамасыз етілген. Бұл құрылғы жүргізушілердің ішкен-ішпегенін лезде анықтайды. Сондай-ақ, жолдағы қайғылы жағдайларды азайту үшін посттардағы материалдықтехникалық дүниелерді жақсарту қажет. Жол ережесі ескерілмейтін тұстарға бейнебақылау камераларын орнатып, жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті, жерасты жолдарын көбейту керек. Және оқу орындарының маңайына жасанды «жатқан полиция» жабындарын төсеген дұрыс.

Облыс жолдарында тәртіпті күшейту керектігін ескерткен ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев жолпатрульдік полициясы тиісті орындарында тұрмайтынын да сөз етті. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу жөнінде сөз алған облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жанболат Калетаевтың айтуынша, тәртіп бұзған полицейлер бар екен. Биылдың өзінде коррупциялық құқық бұзған 20 жол полиция қызметкері қызметтерінен қуылыпты.

- Қылмыстың 70 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда орын алады. Ішімдік ішкендер, есірткі қолданғандар ауыр қылмысқа барады. Орын алған жағдайлардан көбінде әйелдер жапа шегеді. Осындай қылмыстардың алдын алу үшін семинар-тренингтер өткізіп тұрамыз, - дейді ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жанболат Калетаев.

Жиында үкіметтік емес ұйым өкілдері де заңбұзушылықтың алдын алу үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан Өскеменде велосипед жолын салу керектігі жөнінде ұсыныс айтылды. Себебі, Өскеменде велосипедке қызығушылық танытқандар саны жылдан-жылға артып келеді. Биылдың өзінде қалада 2 мыңнан астам велосипед сатылыпты.

Соңғы 8 айда:
882 - жол-көлік оқиғасы орын алған.
182 - адам қаза тапқан.
Ішімдік ішкеннің салдарынан - 62 жол-көлік оқиғасы орын алған.
20 - жол-патрульдік полициясы коррупциялық құқық бұзғаны үшін қызметтен қуылған.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Оқиғалар | Кілт сөдер: көлік апаты

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар