Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері талқыланды

(Дауыстар: 1)
Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері талқыланды

2014 жылдың 14 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз орталығында «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңестің отырысына «Нұр Отан» партитясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ жанындағы «Мирас» Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Қаңтарбай, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ жанындағы «Мирас» Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Кеңес отырысында «Нұр Отан» партитясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Т.Т. Түсіпбеков төрағалық етті. Өз сөзінде «Мирас» қоғамдық кеңесінің негізгі міндеттеріне тоқталып өтті. «Нұр Отан» партиясының мәдениет пен өнер саласындағы саясатының басым бағыттарын айқындау және оны жүзеге асыруға арналған іс-шараларға арналған ұсыныстарды дайындау, шығармашылық бірлестіктер мен өнер және мәдениет мекемелерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өзара байланыс мәселелері және өңірдегі мәдениет пен өнерге қатысты аса үлкен мәнге ие басқа да мәселелерді талқылау болып табылатындығы жөнінде отырысқа қатысушыларға түсінік беріп өтті.

Өнер мұражайының директоры Н.Қ. Әнуарбекқызы өз сөзінде:

- Мәдениет, өнер саласын дамытуға бағытталған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» Қоғамдық кеңесінің негізгі бағыттары бүгінгі таңда маңызды. Өнер мұражайы бойынша бүгінде мәселелерде аз емес. Мұражайда 9000 -нан аса экспонаттар сақталған. Бүгінде олардың 2000-ғак жуығы ғана электронды нұсқада тіркелді. Мұражайдың материалдық-техникалық базасын нығайту, қазіргі заманға сай мұражай қорындағы заттарды сақтауға арналаған құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселесі өзекті болуда. Әсіресе, мұражай қорын жаңартып, толықтыруға жаңа экспонаттарды сатып алу мәселесі. Ел арасындағы қолөнер бұйымдарын сатып алудағы қаржы мәселесіне келіп тіреледі, - деді.

Кеңес отырысы барысында мұражайларға қатысты виртуальді мұражайлар ұйымдастыру, мұражайлардың жұмысын әлеуметтік желілерде, БАҚ-да насихаттау шаралары да қарастырылды.

Сонымен қатар, ШҚО Жамбыл атындағы драма театрдың директоры С.Д. Акеелев театр саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Сахан Долдиұлы: «Бүгінде театрдағы арнайы кәсіби мамандар тапшылығы, атап айтқанда режиссер, сонымен қатар сахналық қойылымдардағы реквизиттер т.б., мәселелер».

«Мирас» Қоғамдық кеңесінің отырысында «Нұр Отан» партитясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Т.Т. Түсіпбеков партия бүгінде халықтың әл-ауқатын жақсартумен қатар еліміздің рұхани дамуына да ерекше мән беріп отырғандығын есере келе, осы мақсатта ШҚО филиалы өзіндік арнайы «Абайды танып, біл!» жобасын қолға алғандығын, «Мирас» Қоғамдық кеңесінің алдағы отырыстарында осы жоба шеңберінде атқарылып жатқан іс-шараларды талқылауға арналатындығын айтты. Әсіресе Абай әлемі арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық рух беріп, рухани тәрбие беру, мектеп оқушыларынан бастап Ұлы ақынның шығармашылығын, өнегелі мұрасын бойларына сіңіру, іс-шаралар ұйымдасытру, білім беру мекемелерінде қандай деңгейде «Абайтану» дәрістері берілуде т.б. шаралар қолға алынып жатқандығына кеңінен тоқталып өтті.

Кеңес мүшелерімен отырыста көтерілген мәселелер, кеңес жұмысына қоғамның назарын аудару мақсатында кеңестің отырысындағы ұсыныстарды шешу, Кеңес жұмысын жергілікті және электронды БАҚ-да тиімді түрде жариялануын қамтамасыз ету жайында шешім қабылданды. Мұндағы басты мақсат - партияның ұлттық мәдениет пен дәстүрді қолдау және жаңғырту жөніндегі көзқарасын саяси қуаты ретінде таныту болып табылады.

Дидар Оралбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: Нұр Отан, мұражай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар