«Оtаu ТV» көретін тұрғындардың саны Шығыс Қазақстанда көбейеді

(Дауыстар: 1)
«Оtаu ТV» көретін тұрғындардың саны Шығыс Қазақстанда көбейеді

ШҚО әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысында ұлттық телехабар тарату саласына қатысты мәселелер талқыға салынды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиевтің мәліметінше, аталмыш бағытта қол жеткен нәтижелер жетерлік, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Облыста 39 мыңға жуық адам «Оtаu ТV» жерсеріктік хабар тарату желісінің қызметін пайдаланады. Мұнымен қатар, аймақта жалпы саны 110 мың абоненті бар 11 кабельдік оператор жұмыс істейді. Олардың бәрі де Үкімет қаулысымен бекітілген міндетті қазақстандық 12 телеарнаның хабарларын таратады, - деді Ербол Нұрғалиев.

Өткен жылы телерадиостанцияда жаңарту жүргізілген-ді, бұл хабар тарату аумағын кеңейте түсуге мүмкіндік берді. Қазір аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда облыста отандық арналардың сигналы әлсіз тарайтын 56 елді мекен бар. Жыл соңына дейін сол шалғайдағы шағын ауылдардың 4-і телевизиялық желіге қосылады.

Жиында телехабар тарату саласының жұмысын жандандыруға жергілікті кәсіпкерлерді тарта білген Тарбағатай, Ұлан және Бородулиха аудандары әкімдерінің еңбектері аталып өтті. Бұл аудандардағы шаруа қожалықтарының жетекшілері өз еңбеккерлерінің теледидарларын отандық желілерге қосуға көмек көрсеткен. Қазақстандық телеарналарды тарату ісі, сонымен бірге, алдағы уақытта білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету мекемелерінде де тиянақты түрде қолға алынбақ.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар