Жаңа технологиялар - балалар қолымен

(Дауыстар: 1)
Жаңа технологиялар - балалар қолымен

Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Жаңа технологиялар - балалар қолымен» атты шағын көрменің ашылуы болды. Оның жәдігерлерін биыл өзінің ұзақ та жемісті еңбегінің 50 жылдығын атап өткен Өскемен қаласындағы жас техниктер станциясының оқушылары мен олардың тәлімгерлері ұсынып отыр.

Бұл көрме Отанымыздың астанасы - Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесімен тығыз үндеседі. Қазақстан техникалық және технологиялық жетістіктерін көрсететін ашық алаң мен индустрияландыру нышаны болып табылатын халықаралық көрмелерді бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Олар - тарихи тәжірибені екшейтін, инновациялық идеялармен бөлісетін, болашаққа деген өзіндік ұжымдық көзқарас қалыптастыратын ынтымақтастықты көрсете алатын тамаша платформа.

Өскемен қаласы жас техниктер станциясының жас конструкторлары да бұл оқиғадан тыс қалған жоқ. ЖСТ - ойланатын және өнертапқыш оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырып, жетілдіре түсетін өзіндік шеберлік мектебі. Балалар авиамоделизммен, кеме моделизмімен, техникалық архитектуралық модельдеумен, радиотехника, қолданбалы дизайн, ағашты қолмен өңдеумен қызыға айналысады. Тәжірибелі педагогтар балаларға қолмен жұмыс істеуді үйретеді. Ал ұшақ немесе кеме жасау үшін және оның ұшып не жүзе алуы үшін балалар физиканы, электротехниканы, химияны оқиды. Орталық оқушыларының өздері жаңа модельдер ойлап табады, олардың технологиялық мүмкіндіктерін өздері есептейді, оларға жаңа «өмір сыйлайды». Осы арада ұшақтар, ракеталар, жаңа буындағы роботтар, ғарышкерлер үшін технологиялық қондырғылар, алқапты суландыру жүйелері және басқа да көптеген дүниелер жасалады.

Жаңа технологиялар - балалар қолыменЖаңа технологиялар - балалар қолымен

Балалар жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Орталықтың көптеген түлектері өздері айналысқан салалар бойынша жоғарғы оқу орындарына түседі. Орталықта талантты оқушылар тәрбиелеп жүрген Л.А.Климова, Д.У.Озкан Д.Қ.Шәкер Д.А.Мухамедиева, Е.В.Духанин,А.В. Смирнов сияқты тәжірибелі мамандар көптеп саналады.

Жас өнерпаздардың қолынан шыққан қызықты жұмыстар назар аударуға әбден тұрарлық.

Аймангүл Мырзабаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар