Мүгедектер күніне арналған мерекелік шара өткізілді

(Дауыстар: 1)
Мүгедектер күніне арналған мерекелік шара өткізілді

Жақында ШҚО Бородулиха ауылында мейірімділік айы аясында Халықаралық мүгедектер күніне арналған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Дарындылар әткеншегі» мейрамы өткізілді.

Мереке жәрмеңкеден бастау алды. Бесқарағай ауданының мүгедектерге және қарттарға арналған аумақтық орталықтың директоры Ғалия Мұқашқызы Байкадамова, Курчатов қаласы әкімінің кеңесшісі Берік Джумахасұлы Тусупов және аудан әкімінің орынбасары Ахметкали Ақашұлы Нұрғожин жәрмеңке лентасын кесіп мерекенің шымылдығын түрді. Барлық қонақтар қолдан жасалған жұмыстарды жылы қабылдады. Жәрмеңкеден түскен қаражат авторларға берілді.

ШҚО қалыптасып отырған дәстүр бойынша қазан айы қамқорлық айы болып саналады. Бородулиха ауданы әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша 2014 жылғы 9 қазанда Бесқарағай ауданында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Берілген іс шара бойынша эстафета Бесқарағай ауданынан Бородулиха ауданына берілді. Эстафетаны Курчатов қаласы әкімінің кеңесшісі Джумахасұлы Берік Тусуповқа аудан әкімінің орынбасары Ақашұлы Ахметкали Нұрғожин табыс етті.

Мерекені бөлім меңгерушілері Тоқтабаева Айнұр және Саябаева Рашида жүргізді.

Бесқарағай ауданынан келген балаларға аудан әкімі Иосифович Григорий Акуловтың атынан естелік сыйлықтар берілді.

Айтулы шараны ұйымдастыруға «Дайснер», «Натали», «Соколов», «Ершов», «Жбратов» шаруа қожалықтары мене ЖК «Бекетов» қаржылай көмек көрсетті. Мереке ойдағыдай өтті. Балалар мен ата-аналар аудан басшылығы тарапынан жасалған қақорлық сезене алды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: мүгедек жандар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар